Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешімін өзгерту туралы

Жаңа

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 1 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 30-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жапониядан, Таиланд Корольдігінен, Түрік Республикасы мен Малайзиядан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін доңғалақтардың құйылған алюминий дискілеріне қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешіміне (бұдан әрі – №7 шешім) өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселе бойынша өткізген консультациялардың нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, Еуразиялық үкіметаралық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы кезекті отырыста Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының аумағына Жапониядан пайдалануда болған доңғалақтың құйылған алюминий дискілерін тиісінше 300 және 135 тоннадан аспайтын көлемде демпингке қарсы баж төлемей әкелу мүмкіндігін көздей отырып, № 7 шешімге сәйкес қолданылатын демпингке қарсы шара қолданысының әр жылы ішінде № 7 шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдасын.

      2. №7 шешім осы Шешімнің 1-тармағына сәйкес оған өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі күшіне енген күннен бастап кұшіне енеді деп белгіленсін.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады