Жапониядан, Таиланд Корольдігінен, Түрік Республикасы мен Малайзиядан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін доңғалақтардың құйылған алюминий дискілеріне қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 7 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Жапониядан, Таиланд Корольдігінен, Түрік Республикасынан және Малайзиядан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 8708 70 500 9 кодымен сыныпталатын диаметрі 13-тен қоса алғанда 20 дюймге дейінгі, жол берілетін ең жоғары жүктемесі 1 150 кг аспайтын, орталық тесігінің диаметрі 131 мм аспайтын, шинамен және (немесе) жиынтықтағы доңғалақтардың бір немесе бірнеше басқа бөліктерімен және (немесе) доңғалақ дискілерінің қосымша керек-жарақтарымен жасақталған немесе жасақталмаған жаңа және қолдануда болған доңғалақтың құйылған алюминий дискілеріне қатысты қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 5 жыл деп белгілей отырып, демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж салығын өндіріп алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 14 қаңтардағы
№7 шешіміне
ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ

Шығарылған елі

Өндіруші

Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнның пайызы)

Жапония


36,54

Таиланд Корольдігі


42,82

Түрік Республикасы

CMS Jant Sanayi A.Ş. (заңды мекенжайы:
Erkut Sokak No:11 Ege Serbest Bölge Gaziemir İzmir, Türkiye),
CMS Jant ve Makina Sanayii A.Ş.
(заңды мекенжайы:
Kemalpasa Caddesi No:302 Bornova İzmir, Türkiye)
өзгелері

35,29
 
 
 
 
 
 
 
35,29

Малайзия


9,38


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады