Ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптардың 18-тарауына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 16 желтоқсандағы № 127 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағы Комиссиясының № 317 Шешімімен бекітілген Ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптардың 18-тарауына келесі өзгерістер енгізілсін:

      а) екінші абзац "кене" сөзінен кейін ", тропилелапсоз" сөзімен толықтырылсын;

      б) бесінші абзац "одақтың" сөзінен кейін "және (немесе) мүше мемлекеттер арасында қозғалатын" сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады