2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағы Комиссиясының № 317 Шешімімен бекітілген Ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптардың 18-тарауына келесі өзгерістер енгізілсін:
а) екінші абзац "кене" сөзінен кейін ", тропилелапсоз" сөзімен толықтырылсын;
б) бесінші абзац "одақтың" сөзінен кейін "және (немесе) мүше мемлекеттер арасында қозғалатын" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |