Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың жекелеген көрсеткіштері бойынша ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру әдіснамаларының тізбесі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 175 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасына қосымша) төмендегі мазмұндағы 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын:
"17. Еуразиялық экономикалық одақтың өзара тікелей инвестициялар және өзара көрсетілетін қызметтер туралы ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасы.
18. Еуразиялық экономикалық одақтың ақша-несиелік статистикасының есептік көрсеткіштері бойынша ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасы.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық | |
| комиссия Алқасының төрағасы | Б. Сағынтаев |
