Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 360-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 210 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа Өзгерістер енгізу туралы хаттамасының күшіне ену күнінен ерте емес күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| 2025 жылғы 2 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 115 Шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Тауарлармен сыртқы сауда статистикасын жүргізудің негізгі ақпарат көздері мүше мемлекеттердің кеден органдарына ұсынылатын тауарларға арналған декларациялар, электрондық сауда тауарларына арналған декларациялар және өзге де құжаттарда (әрі қарай – кедендік құжаттар) қамтылған мәліметтер болып табылады."
2. 7-тармақта:
а) "б" тармақшасының үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғалар тікелей жазылым бойынша алатын мерзімді басылымдардан (газеттер, журналдар) басқа халықаралық пошта жөнелтілімдерімен немесе курьерлік қызмет арқылы алынған (жіберілген) тауарлар;";
б) "в" тармақшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарлары;
кедендік рәсімдерге орналастырылмай, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары (үшінші елдің аумағынан мүше мемлекеттің аумағына әкелінген кезде – импортқа, ал мұндай тауарларды мүше мемлекеттің аумағынан үшінші елдің аумағына әкеткен кезде – экспортқа есептеледі);".
3. 9-тармақ келесі мазмұндағы "в" тармақшасымен толықтырылсын:
"в) жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарлары, бұрын мәлімделген кедендік қойма кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде мүше мемлекеттің аумағына үшінші елдің аумағынан әкелініп, мынадай кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлар:
ішкі тұтынуға шығару;
мемлекеттің пайдасына бас тарту.".
4. 12-тармақтың бірінші абзацындағы "тауарларға арналған декларацияда" сөздері "тауарларға арналған декларацияда да, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда да" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 19-тармақ келесі мазмұндағы "д" және "е" тармақшаларымен толықтырылсын:
"д) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары бойынша олардың құны төлемді растайтын құжаттарды (чектер, шоттар, банк төлем құжаттары және осындай тауарларды сатып алуға байланысты өзге де құжаттар) ескере отырып пайдаланылады;
е) жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарлары бойынша мұндай тауарлардың кедендік құны пайдаланылады.".
6. 20-тармақтың екінші сөйлемі "немесе электрондық сауда тауарларына арналған декларация" сөздерімен толықтырылсын.
7. 21-тармақтың бірінші абзацындағы "нетто" сөзін "нетто, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары үшін – брутто массасы" сөздерімен ауыстыру.
8. 23-тармақ келесі мазмұндағы "г" тармақшасымен толықтырылсын:
"г) тауар электронды сауда тауарларына жатады.".
9. Келесі мазмұндағы 251 тармағымен толықтырылсын:
"251. Электрондық сауда тауарларымен сыртқы сауда статистикасы мақсаттары үшін бақылау келесі негізгі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
а) есептік кезең (ай);
б) тауардың жылжу бағыты (импорт, экспорт);
в) ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес тауар коды;
г) тауардың жеткізілетін елі;
д) тауарды жіберуші ел;
е) тауар санаты (жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауары немесе жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауары);
ж) брутто салмағы (килограмммен, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары үшін) немесе нетто салмағы (килограмммен, жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарлары үшін);
з) ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес қосымша өлшем бірлігінің коды;
и) ЕАЭО СЭҚ ТН-ге сәйкес қосымша өлшем бірлігіндегі тауар саны;
к) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарының құны (АҚШ долларымен);
л) "жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарының кедендік құны (АҚШ долларымен).".
