2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 18-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Келісімге сәйкес Келісімнің 18-бабының 6-тармағында көзделген мерзімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше 2 және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектілерін тасымалдауды қадағалау енгізілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған ЕАЭО СЭҚ ТН 2402 және 2208 тауар позицияларының тауарларына қатысты кедендік транзитінің кедендік рәсімін қолдану туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы № 63 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 63 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 3 тамыздағы № 98 шешімі.
3. Осы Шешім күшіне енген күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енетін 2-тармақты қоспағанда, осы Шешім 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы |
Б. Сұлтанов |