Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген демпингке қарсы қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындаған баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында және Украинада шығарылатын және Еуразиялық эономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданысы 2030 жылғы 9 маусымды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешімімен көзделген мөлшерде демпингке қарсы баж өндіруді қамтамасыз етсін;
алдын ала демпингке қарсы баждарды өндіру үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 127 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын демпингке қарсы бажға есепке жатқызуды және ол төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды жұзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында және Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы" 2024 жылғы 19 қарашадағы № 127 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
Б. Сұлтанов |
