Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған мекенжай түрлерінің тізбесі (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.
2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін;
егер анықтамалықты қолдану Одақ шеңберінде тиісті жалпы процестерді Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарда көзделген жағдайда Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттар (мәліметтер) құрылымдарының деректемелерін толтыру кезінде;
кеден құжаттарын электрондық құжаттар түрінде толтыру кезінде және (немесе) егер осы құжаттарды толтыру тәртібінде осындай мәліметтерді көрсету қажеттігі көзделсе кеден құжаттарының электрондық түрін толтыру кезінде пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 8 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Мекенжай түрлерінің ТІЗБЕСІ
I. Анықтамалықтан егжей-тегжейлі мәліметтер
Мекенжай түрінің коды | Мекенжай түрінің атауы | Мекенжай түрінің сипаттамасы |
01 | тіркеу мекенжайы | тұрғылықты жерінің, орналасқан жерінің мекенжайы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес адамды тіркеу кезінде көрсетілетін мекенжай. Егер мекенжай түрі қолданылатын тұлғаның (заңды, жеке және т. б.) мәртебесін нақтылау талап етілмесе пайдаланылады |
02 | нақты мекенжай | тұратын (болатын) жерінің, нақты орналасқан жерінің мекенжайы немесе қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерінің мекенжайы. Егер мекенжай түрі қолданылатын тұлғаның (заңды, жеке және т. б.) мәртебесін нақтылау талап етілмесе пайдаланылады |
03 | пошталық мекенжай | пошта байланысы қызметтерін пайдаланушының мекенжайы |
04 | тұрғылықты жердің мекенжайы | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тұрғылықты жер деп айқындалатын немесе танылатын, жеке тұлға тұрақты немесе негізінен тұратын мекенжай |
05 | уақытша тұру (болу) орнының мекенжайы | жеке тұлға уақытша тұратын (болатын) мекенжай (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады) |
06 | орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) | заңды тұлғаның (заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның), заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің (заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның), шетелдік ұйымның орналасқан жерінің мекенжайы |
07 | жеткізу (жөнелту) мекенжайы | тауарларды жеткізу (жөнелту) жүзеге асырылуға тиіс мекенжай |
99 | өзге де орынның мекенжайы | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де орынның мекенжайы |
II. Анықтамалықтың паспорты
Р/с№ | Элементтің белгіленуі | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 066 |
2 | Типі | 1 – анықтамалық |
3 | Атауы | мекенжай түрлерінің тізбесі |
4 | Аббревиатура | ПВА |
5 | Белгіленуі | ЕС 066 – 2024 (ред. 1) |
6 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 8 шешімі |
7 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні | 16.02.2025 |
8 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні | – |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
11 | Тағайындалуы | Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы процестері шеңберінде ақпараттық өзара іс – қимылды іске асыру кезінде қолданылатын электрондық құжаттардың (мәліметтердің) құрылымында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ құқығында көзделген жағдайларда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғалар электрондық түрде ұсынатын құжаттардың құрылымында мекенжай ақпаратының құрамында берілетін мекенжай түрлері туралы мәліметтерді жүйелеу және кодтау |
12 | Аннотация (қолданылу саласы) |
анықтамалықты пайдалану мынадай жағдайларда көзделген: |
13 | Негізгі сөздер | мекенжайы, заңды тұлға, жеке тұлға, дара кәсіпкер, тұрғылықты жері, орналасқан жері |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала | 1000 – барлық салалар |
15 | Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану | 3 – анықтамалықты әзірлеу кезінде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар және (немесе) стандарттар қолданылмады |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы | 2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламасы жоқ |
17 | Жүйелеу (сыныптау) әдісі | 1 – жүйелеудің реттік әдісі |
18 | Жүргізу әдістемесі |
1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. |
19 | Құрылымы | анықтамалық құрылымының сипаттамасы (жолақтардың құрамы, олардың мәндерінің салалары және қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың III бөлімінде келтірілген |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | анықтамалықтағы мәліметтер ашық қол жетімді ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі | белгіленбеген |
22 | Өзгерістер | – |
23 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме | https://nsi.eaeunion.org/portal/ |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.
2. Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда келесі жолдар (бағандар) қалыптастырылады:
"деректеменің атауы" – деректеменің реттік нөмірі және қалыптасқан немесе ресми ауызша белгіленуі;
"деректеменің мәндер саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректемені қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің ауызша сипаттамасы;
"көпт." – деректемелердің көптігі (деректеменің ықтимал қайталануының міндеттілігі (опциялылығы) және саны).
3. Берілетін деректердің деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет (n > 1) қайталануға тиіс;
1..* – элемент міндетті, шектеусіз қайталана алады;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет (n > 1) қайталануға тиіс;
n..m – деректеме міндетті, n реттен кем және m реттен көп (n > 1, m > n) қайталанбауға тиіс;
0..1 – деректеме опциялы, қайталануға жол берілмейді;
0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталана алады;
0..m – деректеме опциялы, m реттен (m > 1) асырмай қайталана алады.
Кесте
Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректемені қалыптастыру қағидалары | Көпт. |
1. Мекенжай түрі | кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1. Мекенжай түрінің коды | символдар жолы. Шаблон: \d{2} | кодтық белгілеу реттік әдіспен қалыптастырылады, жетекші нөлді көрсетпеуге жол беріледі | 1 |
1.2. Мекенжай түрінің атауы | символдар жолы. Ең қысқа ұзындық: 1. Ең ұзын ұзындық: 250 | атауы орыс тіліндегі сөйлем түрінде қалыптасады | 1 |
1.3. Мекенжай түрінің сипаттамасы | символдар жолы. Ең қысқа ұзындық: 1. Ең ұзын ұзындық: 1000 | сипаттама орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады | 1 |
1.4. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер | кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.4.1. Қолданысы басталған күн | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген іс-қимылдың басталу күніне сәйкес келеді | 1 |
1.4.2. Қолданыстың басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.4.2.1. Акт түрінің коды | бірыңғайланған символдар жолы. Шаблон: \d{5} | Еуразиялық экономикалық одақ органдары актілері түрлерінің анықтамалығына сәйкес кодтық белгілеу | 1 |
1.4.2.2. Актінің нөмірі | символдар жолы. Ең қысқа ұзындық: 1. Ең ұзын ұзындық: 50 | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
1.4.2.3. Актінің жасалған күні | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 |
1.4.3. Қолданысы аяқталған күн | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың аяқталу күніне сәйкес келеді | 0..1 |
1.4.4. Қолданыстың аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер | кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
1.4.4.1. Акт түрінің коды | бірыңғайланған символдар жолы. Шаблон: \d{5} | Еуразиялық экономикалық одақ органдары актілері түрлерінің анықтамалығына сәйкес кодтық белгілеу | 1 |
1.4.4.2. Актінің нөмірі | символдар жолы. Ең қысқа ұзындық: 1. Ең ұзын ұзындық: 50 | Еуразиялық экономикалық одақ органы актісінің нөміріне сәйкес келеді | 1 |
1.4.4.3. Актінің жасалған күні | YYYY-MM-DD форматындағы ISO 8601 стандарттар сериясына сәйкес күн | Еуразиялық экономикалық одақ органының актісін қабылдау күніне сәйкес келеді | 1 |