"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды сыныптау бойынша қабылдаған алдын ала шешімдерінің жинағын қалыптастыру" жалпы процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 6 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №169 шешімін басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды сыныптау бойынша қабылдаған алдын ала шешімдерінің жинағын қалыптастыру" жалпы процесін іске асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 14 қаңтардағы
№ 6 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды сыныптау бойынша қабылдаған алдын ала шешімдерінің жинағын қалыптастыру" жалпы процесін іске асыру ҚАҒИДАЛАРЫ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа № 1 қосымша);

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Жалпы процестерді сыртқы және ішкі сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімнің нысанын, оны толтыру және осындай алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 58 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары қабылдаған тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдердегі ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу тәртібі туралы" 2022 жылғы 15 қарашадағы № 172 шешімі.

      2. Осы Қағидалар "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды сыныптау бойынша қабылдаған алдын ала шешімдерінің жинағын қалыптастыру" жалпы процесін (бұдан әрі - жалпы процесс) іске асыруды ұйымдастырушылық – техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды технологиялық жобалауды және жоспарлауды орындау үшін негіз болып табылады.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "мүдделі тұлға" – сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес сыныптау үшін қажетті ақпаратты алуға мүдделі өзге де тұлға;

      "алдын ала шешімді түзету" – Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 26-бабы 2-тармағының негізінде тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімге өзгерістер енгізу;

      "алдын ала шешім" – Одаққа мүше мемлекеттің кеден органы қабылдаған ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім;

      "алдын ала шешімдердің жинағы" – алдын ала шешімдерден алынған ақпаратты (мәліметтерді) иесіздендірілген түрде қамтитын жалпы ақпараттық ресурс;

      "орталық кеден органы" – Одаққа мүше мемлекеттің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) және Одақ органдарының Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) құру және дамыту мәселелері жөніндегі актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

II. Жалпы процесті іске асырудың мақсаты мен міндеттері

      4. Жалпы процесті іске асырудың мақсаты алдын ала шешімдер жинағын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ одан алынған мәліметтерді мүдделі тұлғаларға ұсыну болып табылады.

      5. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:

      а) орталық кеден органдарының Комиссияға алдын ала шешімдерден өзекті және сенімді ақпаратты ұсынуы мақсатында орталық кеден органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруды қамтамасыз ету;

      б) Комиссияға келіп түскен мәліметтер негізінде алдын ала шешімдер жинағын автоматты түрде қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      в) алдын ала шешімдер жинағынан мәліметтерді Одақтың ақпараттық порталында орналастыруды, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың осы мәліметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету.

III. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар

      6. Мыналар:

      а) орталық кеден органдары;

      б) Комиссия;

      в) мүдделі тұлғалар жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар болып табылады.

      7. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру шеңберінде орталық кеден органдары мынадай функцияларды орындайды:

      а) Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) қабылдаған қолданылу мерзімі аяқталмаған, өзгертілмеген, қайтарып алынбаған және қолданысы тоқтатылмаған алдын ала шешімдердің мәліметтерін қалыптастырады және Комиссияға ұсынады;

      б) алдын ала шешімдерді түзету туралы мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға ұсынады;

      в) алдын ала шешімдерді кері қайтарып алу немесе олардың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді қалыптастырады және Комиссияға ұсынады.

      8. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру шеңберінде Комиссия мынадай функцияларды орындайды:

      а) қолданылу мерзімі аяқталмаған, өзгертілмеген, қайтарып алынбаған және қолданысы тоқтатылмаған алдын ала шешімдерден мәліметтер алады және өңдейді;

      б) алдын ала шешімдерді түзету туралы мәліметтерді алады және өңдейді;

      в) алдын ала шешімдерді кері қайтарып алу немесе олардың қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді алады және өңдейді;

      г) орталық кеден органдары ұсынған өңделген мәліметтердің негізінде алдын ала шешімдер жинағын қалыптастырады;

      д) Одақтың ақпараттық порталының құралдарын пайдалана отырып, оның ішінде белгіленген форматтардағы алдын ала шешімдер жинағынан мәліметтерді іздеу, сүзу және түсіру сервистері арқылы мүдделі тұлғаларға алдын ала шешімдер жинағынан мәліметтер беруді қамтамасыз етеді.

      9. Жалпы процеске қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл № 1 қосымшаға сәйкес функционалдық схемаға сай жүзеге асырылады.

IV. Ақпараттық ресурстар және сервистер

      10. Одақтың ақпараттық порталында алдын ала шешімдерден мәліметтерді орналастыру және көрсетілген ақпаратқа жедел қол жеткізуді ұйымдастыру үшін Комиссия алдын ала шешімдердің жинағын қалыптастырады.

      Алдын ала шешімдер жинағын қалыптастыру Комиссияның орталық кеден органдарынан осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген өзекті мәліметтерді алуын, оларды көрсетілген жинаққа енгізіні және сақтауын қамтиды.

      Мәліметтер № 2 қосымшаға сәйкес құрамда алдын ала шешімдер жинағына енгізіледі.

      11. Алдын ала шешімдер жинағы алдын ала шешімдерден алынған мәліметтерді, оның ішінде алдын ала шешімдердің қолданылу мерзімінің аяқталуы, кері қайтарып алынуы немесе қолданылуының тоқтатылуы туралы мәліметтерді иесіздендірілген түрде қамтиды.

      12. Мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын ақпаратты не мүдделі тұлғаларға қатысты басқа да құпия ақпаратты орталық кеден органдары Комиссияға бермейді және олар алдын ала шешімдер жинағына енгізуге жатпайды.

      13. Одақтың ақпараттық порталына орталық кеден органдары ұсынған және осы Қағидаларға № 2 қосымшада келтірілген кестенің 2– 6-тармақтарында айқындалған, қолданылу мерзімі аяқталмаған, кері қайтарып алынбаған және қолданысы тоқтатылмаған алдын ала шешімдерден алынған ақпарат бөлігінде өзекті мәліметтерді орналастыру қамтамасыз етіледі.

      14. Орталық кеден органдарының осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мәліметтерді қалыптастыруы кеден органдарының ақпараттық жүйесін немесе интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттерінің құрамында оларды пайдалану мүмкіндігін көздейтін интеграцияланған жүйенің Комиссияның интеграциялық сегментінің бағдарламалық қамтамасыз ету компоненттері пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      15. Жалпы процесті іске асыру мақсатында орталық кеден органдары электрондық сервистердің мынадай түрлерін құруды және қолдануды қамтамасыз етеді:

      а) жалпы процеске қосылу кезінде алдын ала шешімдер жинағына енгізу үшін орталық кеден органы Комиссияға бір рет ұсынатын алдын ала шешімдерден толық өзекті мәліметтерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін сервистер;

      б) алдын ала шешімдер жинағына енгізу үшін кеден органы қабылдаған алдын ала шешімнен мәліметтерді қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз ететін сервистер;

      в) алдын ала шешімдер жинағына енгізілген мәліметтерді түзету туралы ақпаратты қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз ететін сервистер (егер орталық кеден органдары Комиссияға бұрын жіберілген және осындай шешімдерден жарияланған мәліметтерді түзетуді жүзеге асырған жағдайда);

      г) алдын ала шешімдер жинағына енгізілген мәліметтерді алып тастау үшін ақпаратты қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз ететін сервистер (алдын ала шешім кері қайтарылған немесе мұндай шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда).

      16. Жалпы процесті іске асыру мақсаттары үшін Комиссия электрондық сервистердің мынадай түрлерін іске асыруды, пысықтауды, теңшеуді және (немесе) қолдануды қамтамасыз етеді:

      а) алдын ала шешімдер жинағын автоматты түрде қалыптастыруды, сондай-ақ орталық кеден органы жалпы процеске қосылу кезінде бір рет ұсынған толық өзекті мәліметтердің негізінде алдын ала шешімдер жинағынан мәліметтерді Одақтың ақпараттық порталына жариялауды қамтамасыз ететін сервистер;

      б) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мәліметтермен алмасу мақсатында орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін сервистер;

      в) мүдделі тұлғалардың сұраулары бойынша алдын ала шешімдер жинағында қамтылған, оларды іздеуді, сүзуді, белгіленген форматтарда көрсетуді және түсіруді қоса алғанда, жарияланатын өзекті мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін Одақтың ақпараттық порталының сервистері;

      г) Комиссия қызметкерлеріне алдын ала шешімдер жинағынан толық (өзекті де, өзекті де емес) мәліметтерге, оның ішінде алдын ала шешімдер жинағына енгізілген қолданылу мерзімі өткен алдын ала шешімдерден алынған мәліметтерге, сондай-ақ өзгерістер енгізілуіне (Кодекстің 26-бабының 2-тармағы), кері қайтарып алынуына байланысты өзгертілген, олар бойынша қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданған (Кодекстің 26-бабының 3-тармағы) алдын ала шешімдерден алынған мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін сервистер. Көрсетілген сервистер:

      белгілі бір күнгі жағдай бойынша алдын ала шешімдер жинағына енгізілген алдын ала шешімдерден ақпаратты іздеуді, сүзуді және көрсетуді;

      алдын ала шешімдер жинағына енгізілген алдын ала шешімдерден белгілі бір мәліметтердің мәртебесі мен мазмұнының өзгеру тарихын көрсетуді;

      көрсетілген мәліметтерді көрсету кезінде орнатылған сүзгілерді ескере отырып, алдын ала шешімдер жинағына енгізілген алдын ала шешімдерден мәліметтерді сыртқы форматтарға түсіруді қамтамасыз етуі тиіс.

V. Ақпараттық өзара іс-қимылдың ерекшеліктері

      17. Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл интеграцияланған жүйенің құралдарын пайдалана отырып, электрондық хабарламалар алмасу арқылы жүзеге асырылады.

      Бір электрондық хабарламаның шеңберінде осындай шешімдегі мәліметтерді түзету жағдайларын қоспағанда, бір алдын ала шешімге қатысты мәліметтер беріледі.

      18. Алдын ала жаңа шешімнен алынған ақпаратты орталық кеден органы алдын ала шешімдер жинағына автоматты немесе автоматтандырылған режимде енгізу үшін осындай шешім қабылданған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жібереді.

      19. Алдын ала шешімдер жинағына енгізілген алдын ала шешімді түзету туралы ақпаратты орталық кеден органы көрсетілген мәліметтер түзетілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей автоматты немесе автоматтандырылған режимде Комиссияға жібереді.

      20. Алдын ала шешімді түзету Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі №58 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауар сыныптамасы туралы алдын ала шешімнің нысанын толтыру және осындай алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің (бұдан әрі – алдын ала шешім нысанын толтыру тәртібі) III бөлімінің ережелеріне сәйкес Кодекстің 26-бабы 2-тармағының ережелері негізінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте электрондық хабарламада жаңа алдын ала шешімнің күшіне ену күні және бұрынғы алдын ала шешімнің қолданылу мерзімінің аяқталу күні көрсетілген 2 алдын ала шешім (түзетуге байланысты қолданысы тоқтатылған бұрынғы шешім және жаңа шешім туралы) туралы мәліметтер беріледі.

      Бұрынғы және жаңа алдын ала шешімдердің тіркеу нөмірлері Алдын ала шешімнің нысанын толтыру тәртібінің 8 және 33-тармақтарының ережелері ескеріле отырып қалыптастырылады.

      21. Алдын ала шешімдер жинағына енгізілген ақпаратты алып тастауға арналған мәліметтерді орталық кеден органы алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап немесе осындай шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей автоматты немесе автоматтандырылған режимде Комиссияға жібереді.

      22. Алдын ала шешімнің қолданысын тоқтату туралы шешімге қатысты алдын ала шешімдер жинағына енгізілген ақпаратты алып тастауға арналған мәліметтер Кодекстің 26-бабының 3-тармағында айқындалған жағдайларда ұсынылады.

      23. Мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша алдын ала шешімдер жинағынан мәліметтерді ұсыну осы Қағидаларға № 2 қосымшада келтірілген кестенің 2–6-тармақтарында айқындалған мәліметтер көлемінде, қолданылу мерзімі аяқталмаған, қайтарып алынбаған және қолданысы тоқтатылмаған алдын ала шешімдерден алынған ақпарат бөлігінде Одақтың ақпараттық порталының құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      24. Орталық кеден органдары мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде электрондық хабарламалардың құрамына, олардағы электрондық құжаттардың және (немесе) ақпараттық өзара іс – қимыл кезінде пайдаланылатын мәліметтердің құрылымына қойылатын талаптар осы Қағидалардың талаптарына, оның ішінде осы Қағидаларға № 2 қосымшада айқындалған талаптарға сәйкес жалпы процестің интеграцияланған жүйесінің құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарда (бұдан әрі - технологиялық құжаттар) белгіленеді.

VI. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттары

      25. Алдын ала шешімдер жинағында қамтылған және осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес Одақтың ақпараттық порталына орналастырылатын мәліметтер жалпыға ортақ пайдаланылатын ақпарат болып табылады және ашық көздерде жариялануы мүмкін.

      26. Жалпы процесті іске асыру кезінде электрондық құжаттарды және (немесе) құжаттардан мәліметтерді электрондық түрде беру кезінде қауіпсіздік:

      а) интеграцияланған жүйедегі Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде - Одақ құқығына сәйкес интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесінің құралдарымен;

      б) интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттері шеңберінде – тиісті мүше мемлекеттің аумағында қолданылатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға және техникалық талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.

VII. Жалпы процесті іске асыруға бағытталған іс-шаралар

      27. Ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру үшін Комиссия:

      а) технологиялық құжаттарды әзірлеуді және оларды бекітуді;

      б) Одақтың деректер моделі негізінде ақпараттық өзара іс-қимыл процесінде пайдаланылатын электрондық құжаттардың (мәліметтердің) біріздендірілген құрылымдарын әзірлеуді және оларды технологиялық құжаттардың құрамында бекітуді;

      в) технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес Комиссияның ақпараттық жүйелерін (кіші жүйелерін) пысықтауды (теңшеуді);

      г) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштарды қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.

      28. Орталық кеден органдары осы Қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін кеден органдарының ақпараттық жүйелерін, технологиялық құжаттарды және интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету кезінде қолданылатын құжаттарды әзірлеуді (жаңғыртуды) және оларды интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттеріне қосуды (егер мұндай қосылу бұған дейін қамтамасыз етілмеген болса) қамтамасыз етеді.

      29. Орталық кеден органдары Комиссияның үйлестіруі кезінде оны қолданысқа енгізу мақсатында жалпы процеске қосылу рәсімінің орындалуын, оның ішінде ақпараттық өзара іс-қимылға тестілеуді жүргізуді қамтамасыз етеді.

      30. Осы Қағидаларға сәйкес жалпы процесті іске асыруға бағытталған іс-шараларды үйлестіруді Комиссия жүзеге асырады.

  "Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
кеден органдарының
тауарларды сыныптау
бойынша қабылдаған алдын
ала шешімдерінің жинағын
қалыптастыру" жалпы
процесін іске асыру
қағидаларына
№1 ҚОСЫМША

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды сыныптау бойынша қабылдаған алдын ала шешімдерінің жинағын қалыптастыру" жалпы процесін іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СХЕМАСЫ



  "Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
кеден органдарының
тауарларды сыныптау
бойынша қабылдаған алдын
ала шешімдерінің жинағын
қалыптастыру" жалпы
процесін іске асыру
қағидаларына
№2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды сыныптау бойынша қабылданған алдын ала шешімдерінің жинағында қамтылған мәліметтердің ҚҰРАМЫ

      1. Осы құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды сыныптау туралы қабылдаған алдын ала шешімдерінің жинағында қамтылған және "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарларды сыныптау бойынша қабылдаған алдын ала шешімдерінің жинағын қалыптастыру" жалпы процесіне қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде берілетін мәліметтердің құрамын айқындайды (бұдан әрі тиісінше – алдын ала шешімдердің жинағы, алдын ала шешімдер, кеден органдары, жалпы процесс).

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу кезеңінде мәліметтердің құрамы тәптіштеледі, сондай-ақ электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматы мен құрылымы айқындалады.

      3. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде құрамы кестеде келтірілген мәліметтер беріледі.

      4. Кестеде мынадай жолдар (бағандар) қалыптастырылады:

      "элементтің атауы" – элементтің реттік нөмірі және қалыптасқан немесе ресми ауызша белгіленуі;

      "элементтің сипаттамасы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "ескертпе" – элементтің мақсатын нақтылайтын, оны қалыптастыру (толтыру) қағидасын анықтайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің ауызша сипаттамасы;

      "көпт." – элементтердің көптігі (элементтің ықтимал қайталануларының міндеттілігі (опциондығы) мен саны).

      5. Берілетін деректер элементтерінің көптігін көрсету үшін келесі белгілер пайдаланылады:

      1 – элемент міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      1..* – элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..1 – элемент опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – элемент опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін.

      Кесте

Алдын ала шешімдер жинағындағы мәліметтер құрамы

Элементтің атауы

Элементтің сипаттамасы

Ескертпе

Көпт.

1. Алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі

алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі

бағынышты элементтердің жиынтығымен анықталады

1

1.1. Елдің коды

кеден органы алдын ала шешім қабылдайтын мүше мемлекеттің кодтық белгіленуі

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне сәйкес қолданылатын әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі

1

1.2. Кеден органының коды

алдын ала шешім қабылдаған кеден органының кодтық белгіленуі

мүше мемлекетте қолданылатын кеден органдарының сыныптауышына сәйкес алдын ала шешім қабылдаған кеден органының коды көрсетіледі

1

1.3. Құжаттың берілген күні

алдын ала шешім қабылданған күн

ИСО 8601 сәйкес күнді белгілеу "YYYY-MM-DD" форматында келтіріледі

1

1.4. Алдын ала шешімнің реттік нөмірі

осындай алдын ала шешім қабылдаған кеден органы берген алдын ала шешімнің реттік нөмірі

"0001" бастап бір күнтізбелік жыл ішінде өтпелі нөмірлеу көрсетіледі

1

1.5. Өзгерістердің (толықтырулардың) реттік нөмірі

алдын ала шешімге енгізілетін өзгерістердің (толықтырулардың) реттік нөмірі

жаңадан қабылданған алдын ала шешім үшін "01" нөмірі көрсетіледі, өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде "02" бастап енгізілетін өзгерістердің (толықтырулардың) реттік нөмірі көрсетіледі

1

2. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды

ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауар(лар)дың кодтық белгіленуі

ЕАЭО СЭҚ ТН позициясының коды 10 белгі деңгейінде көрсетіледі

1

3. Тауардың сипаттамасы

тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау кодына біржақты жатқызуға мүмкіндік беретін тауардың сипаттамасы

тауарды бір мәнді сыныптау және 10 таңбалы кодқа жатқызу үшін қажетті барлық мәліметтер (мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) не басқа да құпия ақпаратты құрайтын ақпаратты қоспағанда) келтіріледі

1

4. Елдің коды

алдын ала шешім қабылданған мүше мемлекеттің кодтық белгіленуі

Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне сәйкес қолданылатын әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің екі әріптен тұратын коды көрсетіледі

1

5. Алдын ала шешім қабылдаудың негіздемесі

ЕАЭО СЭҚ ТН түсіндірудің негізгі қағидаларына, олардың негізінде алдын ала шешім қабылданған ЕАЭО СЭҚ ТН бөлімдеріне, топтарына, субпозицияларына ескертпелерге сәйкес алдын ала шешім қабылдау негіздемесі

ЕАЭО СЭҚ ТН интерпретациясының негізгі қағидаларына сілтемелер, олардың негізінде алдын ала шешім қабылданған ЕАЭО СЭҚ ТН бөлімдеріне, топтарына, субпозицияларына ескертулерге сілтемелер мәтіндік түрде көрсетіледі

1

6. Қолданылу мерзімінің аяқталу күні

алдын ала шешімнің қолданылу мерзімінің аяқталу күні

"YYYY-MM-DD" форматында ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес күнді белгілеу келтіріледі

1

7. Статус

алдын ала шешімнің қолданылу мәртебесі туралы мәліметтер

атрибуттар жиынтығымен анықталады

1

7.1 Мәртебенің коды

алдын ала шешімнің қолданылу мәртебесінің коды

алдын ала шешім мәртебесінің коды туралы мәліметтер келтіріледі:

"01" – қолданылады;

"02" – кері қайтарылды;

"03" – өзгерістер енгізілуіне байланысты өзгертілді (Одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 26-бабының 2-тармағы);

"04" – Кодекстің 26-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы негізінде тоқтатылды;

"05" – Кодекстің 26-бабы 3-тармағының 2-тармақшасы негізінде тоқтатылды

1

7.2 Мәртебені белгілеу күні

мәртебені белгілеу күні туралы мәліметтер

"YYYY-MM-DD" форматында ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес алдын ала шешім мәртебесін белгілеу күні туралы мәліметтер келтіріледі.

Тиісті шешімнің қабылданған күні: "01 – қолданыста" мәртебесінің коды үшін – тауарлардың алдын ала шешімінің қабылданған күні (жаңадан қабылданған алдын ала шешім үшін) немесе алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешімнің қабылданған күні (өзгерістер (толықтырулар) енгізілген алдын ала шешім үшін) мәртебенің белгіленген күні болып саналсын;

"02 – кері қайтарып алынды" мәртебе коды үшін - алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылданған күн; "03 – өзгерістер енгізуге байланысты өзгертілді (Кодекстің 26-бабының 2-тармағы)" мәртебе коды үшін - алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданған күн;

"04 – Кодекстің 26-бабы 3-тармағының 1-тармақшасының негізінде тоқтатылды" және "05 - Кодекстің 26-бабы 3-тармағының 2-тармақшасының негізінде тоқтатылды" мәртебесінің коды үшін - алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күн

1

7.3 Мәртебе қолданысының басталу күні

мәртебесі күшіне енетін сәттен басталатын күн туралы мәліметтер

"YYYY-MM-DD" форматында ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім мәртебесінің қолданылу күні туралы мәліметтер келтіріледі.

Тиісті шешім қолданылатын (күшіне енетін) күн мәртебенің қолданылу күні болып саналсын: алдын ала шешім (шешім қабылданған күн);

алдын ала шешімді кері қайтарып алу туралы шешім (күні Кодекстің 26-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалады);

Кодекстің 26-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында айқындалған жағдайда алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім (шешім қабылданған күн);

Кодекстің 26-бабы 3-тармағының 1-тармақшасында айқындалған жағдайда алдын ала шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім (алдын ала шешімнің қабылданған күні);

Кодекстің 26-бабының 2-тармағында айқындалған жағдайда алдын ала шешімге өзгерістер енгізу туралы шешім (тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылданған күн)

1

8. Жалпы ресурс жазбасының технологиялық сипаттамалары

алдын ала шешімдер жинағындағы жазбалар туралы технологиялық мәліметтер жиынтығы

алдын ала шешімдер жинағындағы жазба туралы технологиялық мәліметтер жиынтығы, оның ішінде жазбаның басталу және аяқталу күні, ақпараттық ресурстың жаңартылған күні келтіріледі

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады