Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 5 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 67 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 14 қаңтардағы
№5 шешіміне
ҚОСЫМША

Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды және зерттеу (сынақ) және өлшем қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға енгізілетін өзгерістер

      1. 5-бағанда 1, 2 және 8-позициялардағы "2022 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2023 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 3, 6, 9, 12 – 18, 20, 24, 26 – 28, 32, 40, 52, 55, 63, 64, 66, 69 – 78, 81, 85, 95 – 97және 99 – 103 деген позициялар алып тасталсын.

      3. 5-бағанда 4, 7, 79 және 80-позициялардағы "2022 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 5-бағанда 5-позициядағы "2022 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2023 жыл" деген сөздер "2028 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 5-бағанда 19-позициядағы "2021 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2022 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 5-бағанда 21, 22, 30, 34, 35, 37 – 39, 41 және 42-позициялардағы "2021 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2022 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 5-бағанда 23, 25, 31, 33 және 36-позициялардағы "2021 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2022 жыл" деген сөздер "2028 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 5-бағанда 29-позициядағы "2021 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2022 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. 5-бағанда 43, 86 және 89-позициялардағы "2023 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. 5-бағанда 44, 50, 53, 82 және 83-позициялардағы "2023 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2028 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. 5-бағанда 45 – 47, 84 және 87-позициялардағы "2023 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. 5-бағанда 57-позициядағы "2022 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2023 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. 5-бағанда 58-позициядағы "2022 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2023 жыл" деген сөздер "2028 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. 5-бағанда 90-позициядағы "2022 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2023 жыл" деген сөздер "2024 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. 5-бағанда 91-позициядағы "2022 жыл" деген сөздер "2023 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2023 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. 5-бағанда 92 және 93-позициялардағы "2023 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2024 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. 5-бағанда 98-позициядағы "2021 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2023 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. 6-бағанда 104-позициядағы "2024 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. 5-бағанда 105-позициядағы "2024 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2025 жыл" деген сөздер "2027 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. 5-бағанда 106-позициядағы "2024 жыл" деген сөздер "2025 жыл" деген сөздермен, 6-бағанда "2025 жыл" деген сөздер "2026 жыл" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. Мынадай мазмұндағы 108 – 124-позициялармен толықтырылсын:

      "

108

67.120.01

Жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі флавомициннің қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ негізінде МЕМСТ әзірлеу

51 қосымша

2026 жыл

2027 жыл

Ресей Федерациясы

109

67.120.99

Жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі баквилопримнің қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ А-1/112 негізінде МЕМСТ әзірлеу

51 қосымша

2026 жыл

2028 жыл

Ресей Федерациясы

110

67.120.99

Тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты. Масс-спектрометриялық детекторы бар жоғары тиімді сұйық хроматографияның көмегімен аминогликозидтердің қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ 759/5.3 негізінде МЕМСТ 32798-2014 қайта қарау (қосалқы өнімдердегі (бауыр, бүйрек) апрамициннің қалдық құрамын анықтау әдісі)

51 қосымша

2025 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

111

67.120.10
67.120.99

Тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты. Масс-спектрометриялық детекторы бар жоғары тиімді сұйық хроматография көмегімен цефалоспориндердің қалдық құрамын анықтау әдісі.
МЕМСТ 34137-2017-ге өзгерістер енгізу (қосалқы өнімдердегі (бүйрек) цефалексиннің қалдық құрамын анықтау әдісі)

51 қосымша

2026 жыл

2027 жыл

Ресей Федерациясы

112

07.100.30

Тағам тізбегінің микробиологиясы. Clostridium spp анықтау және есептеудің көлденең әдісі. 1 бөлік. Колонияларды есептеу әдісімен сульфитредуктивті Clostridium spp есептеу. ISO 15213-1:2023 негізінде МЕМСТ әзірлеу

2-қосымша

2025 жыл

2026 жыл

Қазақстан Республикасы

113

67.120.01

Жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі клавулан қышқылының қалдық құрамын анықтау әдісі. МУ А-1/073 негізінде МЕМСТ әзірлеу

51 қосымша

2025 жыл

2025 жыл

Ресей Федерациясы

114

67.120.01

Тамақ өнімдері мен азықтардағы авиламициннің қалдық құрамын анықтау әдісі МУ А - 1/071 негізінде МЕМСТ әзірлеу

51 қосымша

2025 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

115

67.120.01

Тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты. Масс-спектрометриялық детекторы бар тиімділігі жоғары сұйық хроматографияның көмегімен хинолондардың қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ А-1/090 және МУ А-1/077 негізінде МЕМСТ 32797-2014 қайта қарау (хинолондардың (гатифлоксациндердің, гемифлоксациндердің, грепафлоксациннің, надифлоксациннің, орбифлоксациннің, пазуфлоксациннің, пефлоксациннің, спарфлоксациннің, флероксациннің, циноксациннің, эноксациннің, пефлоксациннің) қалдық құрамын анықтау әдісі))

91-баптың 2 және 3-тармақтары,
51 қосымша

2025 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

116

67.120.99

Тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты. Масс-спектрометриялық детекторы бар тиімділігі жоғары сұйық хроматографияның нитрофуран метаболиттерінің қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ А-1/104 негізінде МЕМСТ 32014-2012 қайта қарау

91-бап, 51 қосымша

2025 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

117

67.120.01

Тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты. Масс-спектрометриялық детекторы бар тиімділігі жоғары сұйық хроматографияның көмегімен тетрациклин тобындағы антибиотиктердің қалдық құрамын анықтау әдісі.
Му А-1/089 негізінде МЕМСТ 31694-2012 қайта қарау (мал шаруашылығы өніміндегі тетрациклиндердің (тигециклин, демеклоциклин, миноциклин, метациклин) қалдық құрамын анықтау әдісі)

91-баптың 2 және 3-тармақтары
 

2025 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

118

67.120.01

Мал шаруашылығы өнімдеріндегі рифампицин мен рифаксиминнің қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ А - 1/078 негізінде МЕМСТ әзірлеу

91-баптың 2 және 3-тармақтары,
51 қосымша

2025 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

119

67.120.01

Тамақ өнімдері мен азықтардағы протозойға қарсы препараттардың қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ А - 1/061 негізінде МЕМСТ әзірлеу

91-баптың 2 және 3-тармақтары

2025 жыл

2027 жыл

Ресей Федерациясы

120

67.120.30

Балық өнімдеріндегі бояғыштардың (акрифлавин, диметилтионин (Azure А) көкшіл метилен В (Azure В), 9-аминоакридин, күлгін этил, көк метилен, негіздегі парарозанилин, көк Виктория В, көк Виктория R, негізгі көк 7, жасыл лейкомалахит, күлгін лейкокристалды) қалдық құрамын анықтау әдістері.
МУ А-1/080 және МЕМСТ Р 56962-2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу

91-баптың 2 және 3-тармақтары

2027 жыл

2028 жыл

Ресей Федерациясы

121

67.120.01

Тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты. Масс-спектрометриялық детекторы бар тиімділігі жоғары сұйық хроматографияның көмегімен макролидтердің, линкозамидтердің және плевромутилиндердің қалдық құрамын анықтау әдісі. MУ А-1/088 негізінде МЕМСТ 34136-2017-ге өзгерістер енгізу (тамақ өнімдеріндегі макролидтердің (8 флюоро-эритромициннің, азитромициннің, джозамициннің, диритромициннің, мидекамициннің, олеандромициннің, рокситромициннің, телитромициннің, азитромициннің, тилдипирозиннің, китасамициннің) қалдық құрамын анықтау әдісі)

91-баптың 2 және 3-тармақтары

2025 жыл

2026 жыл

Ресей Федерациясы

122

67.120.99

Тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты. Масс-спектрометриялық детекторы бар тиімділігі жоғары сұйық хроматографияның көмегімен сульфаниламидтердің, нитроимидазолдардың, пенициллиндердің, амфениколдардың қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ А 1/103 негізінде МЕМСТ 34533-2019-ға өзгерістер енгізу (тамақ өнімдеріндегі хлорамфениколды анықтау әдісі)

3-қосымшаның "антибиотиктер" көрсеткіші

2026 жыл

2027 жыл

Ресей Федерациясы

123

67.120.01

Тамақ өнімдеріндегі дапсонның қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ негізінде МЕМСТ әзірлеу А-1/075

91-бап, 51 қосымша

2027 жыл

2028 жыл

Ресей Федерациясы

124

67.120.99

Тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты. Масс-спектрометриялық детекторы бар тиімділігі жоғары сұйық хроматографияның көмегімен сульфаниламидтердің, нитроимидазолдардың, пенициллиндердің, амфениколдардың қалдық құрамын анықтау әдісі.
МУ А-1/075 негізінде МЕМСТ 34533-2019-ға өзгерістер енгізу (май құрамындағы сульфаниламидтердің, нитроимидазолдардың, пенициллиндердің, амфениколдардың, оның ішінде тиамфениколдың қалдық құрамын анықтау әдісі)

91-баптың 2 және 3-тармақтары

2027 жыл

2028 жыл

Ресей Федерациясы

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады