Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 135 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы "Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы" № 236 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссиясы алқасының
2024 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 135 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген шешіммен бекітілген Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық), ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіндегі:

      а) 29, 39, 41, 55, 56, 58, 101, 133, 137 және 142-позициялар келесі редакцияда жазылсын:

      "

29


МемСТ 276-2021 "Бидай жармасы" (Полтавалық "Артек") Техникалық шарттар"


39

МемСТ 2077-2023 "Нан пісіруге арналған қара бидай және нан пісіруге арналған қара бидай мен бидай ұны қоспасынан жасалған нан. Техникалық шарттар"


41

МемСТ 3034-2021 "Сұлы жармасы. Техникалық шарттар"


55

МемСТ 5550-2021 "Қарақұмық жармасы. Техникалық шарттар"


56

МемСТ 5784-2022 "Арпа жармасы. Техникалық шарттар"


58

МемСТ 6002-2022 "Жүгері жармасы. Техникалық шарттар"


101

МемСТ 14176-2022 "Жүгері ұны. Техникалық шарттар"


133

МемСТ 21149-2022 "Сұлы қауыздары. Техникалық шарттар"


137

МемСТ 22371-2023 "Консервілер. Жеміс езбесі, езілген немесе ұсақталған жемістер. Жалпы техникалық шарттар"


142

МемСТ 24901-2023 "Піспенан. Жалпы техникалық шарттар"


      ";

      б) 141, 482, 489, 490, 496, 509, 525, 529, 556, 589, 590, 602 және 604-позициялар алып тасталсын;

      в) келесі мазмұндағы 3221 – 32217-позицияларымен толықтырылысын:

      "

3221


МемСТ 34549-2019 "Сұйық шай концентраты. Жалпы техникалық шарттар"


3222

МемСТ 34856-2022 "Шай сусындары. Техникалық шарттар"


3223

МемСТ 34922-2023 "Құс етінен жасалған желедегі консервілер. Техникалық шарттар"


3224

МемСТ 34928-2023 "Құс етінен жасалған жартылай ысталған шұжық өнімдері. Жалпы техникалық шарттар"


3225

МемСТ 34929-2023 "Кондитерлік өнімдер. Жент. Жалпы техникалық шарттар"


3226

МемСТ 34958-2023 "Егілетін жаңа піскен қозықұйрық саңырауқұлақтары. Техникалық шарттар"


3227

МемСТ 34959-2023 "Егілетін жас аспа саңырауқұлақтар. Техникалық шарттар"


3228

МемСТ 34963-2023 "Хош иістендіргіштер және/немесе өсімдік тектес өнімдер қосылған ерігіш шай. Техникалық шарттар"


3229

МемСТ 34972-2023 "Қауызды бидай үлпектері. Техникалық шарттар"


32210

МемСТ 34974-2023 "Сағыз. Жалпы техникалық шарттар"


32211

МемСТ 34975-2023 "Алкогольсіз сергітетін сусындар. Жалпы техникалық шарттар"

01.01.2027 бастап қолданылады

32212

МемСТ 35009-2023 "Дәрумендер мен минералдармен байытылған нан пісіретін бидай ұны. Техникалық шарттар"


32213

МемСТ 35037-2023 "Жаңа піскен құрма. Техникалық шарттар"


32214

МемСТ 35040-2023 "Дәнді шикізатты чипстері. Жалпы техникалық шарттар"


32215

МемСТ 35046-2023 "Жабайы өсетін жемістер мен жидектер. Техникалық шарттар"


32216

МемСТ 35056-2024 "Фын-Тез крахмалды кеспесі". Техникалық шарттар"


32217

МемСТ 35059-2024 "Картоп чипстері. Жалпы техникалық шарттар "


      ";

      г) 4-бағандағы 569-позиция келесі мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:

      "01.01.2027жылға дейін қолданылады".

      2. Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістері, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын, көрсетілген шешіммен бекітілген халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесінде, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіндегі:

      а) мынадай мазмұндағы 5821-позициямен толықтырылсын:

      "

5821


МемСТ 34812-2021 "Тағамдық балық өнімдері. Гельминт дернәсілдерінің өміршеңдігін анықтау әдістері""


      ";

      б) 583-позиция алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады