Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы "Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламентінің талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы" № 236 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 135 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Көрсетілген шешіммен бекітілген Қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық), ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіндегі:
а) 29, 39, 41, 55, 56, 58, 101, 133, 137 және 142-позициялар келесі редакцияда жазылсын:
"
29 | МемСТ 276-2021 "Бидай жармасы" (Полтавалық "Артек") Техникалық шарттар" | ||
39 | МемСТ 2077-2023 "Нан пісіруге арналған қара бидай және нан пісіруге арналған қара бидай мен бидай ұны қоспасынан жасалған нан. Техникалық шарттар" | ||
41 | МемСТ 3034-2021 "Сұлы жармасы. Техникалық шарттар" | ||
55 | МемСТ 5550-2021 "Қарақұмық жармасы. Техникалық шарттар" | ||
56 | МемСТ 5784-2022 "Арпа жармасы. Техникалық шарттар" | ||
58 | МемСТ 6002-2022 "Жүгері жармасы. Техникалық шарттар" | ||
101 | МемСТ 14176-2022 "Жүгері ұны. Техникалық шарттар" | ||
133 | МемСТ 21149-2022 "Сұлы қауыздары. Техникалық шарттар" | ||
137 | МемСТ 22371-2023 "Консервілер. Жеміс езбесі, езілген немесе ұсақталған жемістер. Жалпы техникалық шарттар" | ||
142 | МемСТ 24901-2023 "Піспенан. Жалпы техникалық шарттар" |
";
б) 141, 482, 489, 490, 496, 509, 525, 529, 556, 589, 590, 602 және 604-позициялар алып тасталсын;
в) келесі мазмұндағы 3221 – 32217-позицияларымен толықтырылысын:
"3221 | МемСТ 34549-2019 "Сұйық шай концентраты. Жалпы техникалық шарттар" | ||
3222 | МемСТ 34856-2022 "Шай сусындары. Техникалық шарттар" | ||
3223 | МемСТ 34922-2023 "Құс етінен жасалған желедегі консервілер. Техникалық шарттар" | ||
3224 | МемСТ 34928-2023 "Құс етінен жасалған жартылай ысталған шұжық өнімдері. Жалпы техникалық шарттар" | ||
3225 | МемСТ 34929-2023 "Кондитерлік өнімдер. Жент. Жалпы техникалық шарттар" | ||
3226 | МемСТ 34958-2023 "Егілетін жаңа піскен қозықұйрық саңырауқұлақтары. Техникалық шарттар" | ||
3227 | МемСТ 34959-2023 "Егілетін жас аспа саңырауқұлақтар. Техникалық шарттар" | ||
3228 | МемСТ 34963-2023 "Хош иістендіргіштер және/немесе өсімдік тектес өнімдер қосылған ерігіш шай. Техникалық шарттар" | ||
3229 | МемСТ 34972-2023 "Қауызды бидай үлпектері. Техникалық шарттар" | ||
32210 | МемСТ 34974-2023 "Сағыз. Жалпы техникалық шарттар" | ||
32211 | МемСТ 34975-2023 "Алкогольсіз сергітетін сусындар. Жалпы техникалық шарттар" | 01.01.2027 бастап қолданылады | |
32212 | МемСТ 35009-2023 "Дәрумендер мен минералдармен байытылған нан пісіретін бидай ұны. Техникалық шарттар" | ||
32213 | МемСТ 35037-2023 "Жаңа піскен құрма. Техникалық шарттар" | ||
32214 | МемСТ 35040-2023 "Дәнді шикізатты чипстері. Жалпы техникалық шарттар" | ||
32215 | МемСТ 35046-2023 "Жабайы өсетін жемістер мен жидектер. Техникалық шарттар" | ||
32216 | МемСТ 35056-2024 "Фын-Тез крахмалды кеспесі". Техникалық шарттар" | ||
32217 | МемСТ 35059-2024 "Картоп чипстері. Жалпы техникалық шарттар " |
";
г) 4-бағандағы 569-позиция келесі мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
"01.01.2027жылға дейін қолданылады".
2. Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістері, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын, көрсетілген шешіммен бекітілген халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесінде, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесіндегі:
а) мынадай мазмұндағы 5821-позициямен толықтырылсын:
"
5821 | МемСТ 34812-2021 "Тағамдық балық өнімдері. Гельминт дернәсілдерінің өміршеңдігін анықтау әдістері"" |
";
б) 583-позиция алып тасталсын.