Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 9 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Алишеров Эльдар Туралиевич Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет (Консультативтік комитеттің төрағасы) отырыстарында төрағалық етеді деп айқындалсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы "Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет туралы" № 207 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |