Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы жақындасуға жататын нормативтік-құқықтық актілері туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 7 Өкімі.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру мақсатында:

      1. Мүше мемлекеттер өз заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша, оның ішінде табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген құқықтық реттеуді жақындастыруға бағытталған, Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналасқан тізбеде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз етсін: https://eec.eaeunion.org/upload/files/transport/project_07_2023.pdf

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп 2028 жылғы бірінші жартыжылдықта Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін мүше мемлекеттердің осы өкімнің 1-тармағын орындауына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады