Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 69 шешімі

      Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 83 қаулысымен Беларусь Республикасының аумағында енгізілген әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуды келісу туралы Беларусь Республикасының 2021 жылғы 2 маусымда келіп түскен өтінішіне байланысты және Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) 82-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Беларусь Республикасындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу мерзімін 86 күнге – 2021 жылғы 30 маусымнан бастап қоса алғанда 2021 жылғы 23 қыркүйекке дейін ұзартуға келісім берілсін.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 30 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы міндетін
уақытша атқарушы
В. Назаренко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады