ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімін басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялар, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсаттар және үшінші елдермен саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жеке тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) мәліметтерінің құрамы және мұндай мәліметтерді алу тәртібі туралы" 2019 жылғы 6 тамыздағы № 129 шешімінің негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 136 шешімімен бекітілген "Сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ресімдейтін, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 57 Шешіміне ҚОСЫМША |
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсаттары үшін кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. V бөлім мынадай мазмұндағы 282-тармақпен толықтырылсын:
"282. Мүше мемлекеттер кеден органдарының тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялардан мәліметтер алуы бөлігінде жалпы процесті іске асыру шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру ерекшеліктері № 22 қосымшаға сәйкес айқындалады.".
2. Көрсетілген Қағидаларға № 2-қосымшаның 4-тармағының тоғызыншы абзацындағы "Қырғыз Республикасының экономика министрлігі жанындағы аккредиттеу жөніндегі Қырғыз орталығы" деген сөздер "Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Мынадай мазмұндағы № 22 қосымшамен толықтырылсын:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялардан мәліметтерді алуы бөлігінде "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде ресімдейтін, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсаттары үшін кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін іске асыру шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Осы құжат "Сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ресімдейтін, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсаттары үшін кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорын пайдалану" жалпы процесін, (бұдан әрі – жалпы процесс) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кеден органдарының тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялардан (бұдан әрі – лицензиялар) мәліметтер алуы бөлігінде іске асыру шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындайды.
2. Осы құжат Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін мынадай халықаралық шарттарға және актілерге сәйкес әзірленді:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа;
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шартқа;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлардың сыртқы саудасы саласында берілген лицензиялар, рұқсаттар және қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін лицензиялар мен рұқсаттарға қатысты бөлігінде сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2018 жылғы 30 қазандағы № 179 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензиялар, тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсаттар және үшінші елдермен саудада оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген жеке тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне берілетін қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) мәліметтерінің құрамы және мұндай мәліметтерді алу тәртібі туралы" 2019 жылғы 6 тамыздағы № 129 шешімі.
3. Мүше мемлекеттердің кеден органдарының лицензиядан мәліметтер алуы бөлігінде жалпы процесті іске асыру шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде:
құжаттар туралы мәліметтер деп лицензиядан алынған мәліметтер түсініледі;
ұлттық ақпараттық ресурс деп оны қалыптастыруды және жүргізуді мүше мемлекеттің уәкілетті органы электрондық түрде жүзеге асыратын, берілген лицензиялардың ұлттық дерекқоры түсініледі;
мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары деп өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес берілген лицензиялардың ұлттық Дерекқорын қалыптастыруға және жүргізуге уәкілеттік берілген мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары түсініледі:
Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасының монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі;
Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
Қырғыз Республикасы үшін – Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы министрлігі;
Ресей Федерациясы үшін – Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі;
мүше мемлекеттердің мүдделі органдары деп мүше мемлекеттердің кеден органдары түсініледі:
Армения Республикасы үшін – Армения Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті;
Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасының Мемлекеттік Кеден комитеті;
Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
Қырғыз Республикасы үшін – Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы Министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;
Ресей Федерациясы үшін – Федералдық кеден қызметі.
4. Ортақ процесс шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің кеден органдары алуы мүмкін лицензиялардан мәліметтердің құрамы және мұндай мәліметтерді алу тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 129 шешімімен айқындалған.
Мүше мемлекеттердің кеден органдарының лицензиядан мәліметтер алуы бөлігінде ортақ процесті іске асыру шеңберінде лицензиядан мәліметтердің форматтары мен құрылымдарын айқындау кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 179 шешімімен бекітілген лицензиялар мен рұқсаттарға қатысты бөлігінде "Тауарлардың сыртқы саудасы саласында берілген лицензиялар, рұқсаттар және қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) туралы деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану".жалпы процесінің сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасында келтірілген электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматтары мен құрылымдары ескеріледі.
5. Мүше мемлекеттің кеден органы жалпы процесс шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде кедендік операцияларды жасау үшін қажетті лицензиялардан мәліметтерді беру туралы сұрау салуды басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияға жібереді.".
