Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.1-бөліміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 30 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық шарттың 46-бабына және Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 2 қосымша) 2.1-бөліміне қосымшаға сәйкес өзгеріс енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 29 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.1-бөліміне енгізілетін ӨЗГЕРІС

      2.1-бөлім бөлімге ескертпенің алдынан мынадай мазмұндағы F тізімімен толықтырылсын:

      "F тізімі

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Формула

Зат

Атауы

I топ

CHF2CHF2

ГФУ-134

1,1,2,2- тетрафторэтан

2903 39 290 0-ден

CH2FCF3

ГФУ-134а

1,1,1,2-тетрафторэтан

2903 39 260 0

CH2FCHF2

ГФУ-143

1,1,2-трифторэтан

2903 39 290 0-ден

CHF2CH2CF3

ГФУ-245fа

1,1,1,3,3- пентафторпропан

2903 39 270 0-ден

CF3CH2CF2CH3

ГФУ-365mfc

1,1,1,3,3-пентафторбутан

2903 39 290 0-ден

CF3CHFCF3

ГФУ-227еа

1,1,1,2,3,3,3- гептафторпропан

903 39 270 0-ден

CH2FCF2CF3

ГФУ-236сb

1,1,1,2,2,3- гексафторпропан

2903 39 270 0-ден

CHF2CHFCF3

ГФУ-236еа

1,1,1,2,3,3- гексафторпропан

2903 39 270 0-ден

CF3CH2CF3

ГФУ-236fа

1,1,1,3,3,3- гексафторпропан

2903 39 270 0-ден

CH2FCF2CHF2

ГФУ-245са

1,1,2,2,3- пентафторпропан

2903 39 270 0-ден

CF3CHFCHFCF2CF3

ГФУ-43-10mee

1,1,1,2,2,3,4,5,5,5- декафторпентан

2903 39 290 0-ден

CH2F2

ГФУ-32

дифторметан

2903 39 210 0

CHF2CF3

ГФУ-125

пентафторэтан

2903 39 240 0-ден

CH3CF3

ГФУ-143а

1,1,1-трифторэтан

2903 39 240 0-ден

CH3F

ГФУ-41

фторметан

2903 39 290 0-ден

CH2FCH2F

ГФУ-152

1,2-дифторэтан

2903 39 290 0-ден

CH3CHF2

ГФУ-152а

1,1-дифторэтан

2903 39 250 0

II топ

CHF3

ГФУ-23

трифторметан

2903 39 230 0".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады