Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 27 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес және 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің ХVII бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "XVII. Тауарларды қадағалап отыру және сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету";

      б) мынадай мазмұндағы 731-тармақпен толықтырылсын:

"731. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында қадағалап отыруға жатқызылған тауарлар мен осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету

2021 жылғы III тоқсан.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады