Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес және 2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің ХVII бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"XVII. Тауарларды қадағалап отыру және сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету";
б) мынадай мазмұндағы 731-тармақпен толықтырылсын:
"731. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында қадағалап отыруға жатқызылған тауарлар мен осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету | 2021 жылғы III тоқсан.". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |