2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) №1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан позициялар алып тасталсын;
б) №2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар кірістірілсін;
в) №3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкалары белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 10 шешімімен бекітілген 2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының преференциялық ставкалары қолданылатын тауарларға қатысты тізбеде және осындай ставкалар мөлшерінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8474 20 000 9 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"8474 20 000 6 ------------ шынжыр табанды өздігінен жүретін 0"8474 20 000 8 ------------ өзгелері 0".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 22 шешіміне №1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
8474 10 000 0 | сұрыптауға, елеуге, сеперациялауға немесе жууға арналған машиналар | дана |
8474 20 000 9 | өзгелері | дана |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 22 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кірістірілетін ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
8474 10 000 | ---сұрыптауға, елеуге, сеперациялауға немесе жууға арналған машиналар: | дана |
8474 10 000 1 | ---- шынжыр табанды өздігінен жүретін | дана |
8474 10 000 9 |
---- өзгелері | дана |
8474 20 000 6 | ---- шынжыр табанды өздігінен жүретін | дана |
8474 20 000 8 | ---- өзгелері | дана |
*ЕАЭО СЭҚ ТН 8474 20 000 5 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 22 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен) |
8474 10 000 1 | ---- шынжыр табанды өздігінен жүретін | 0 |
8474 10 000 9 | ---- өзгелері | 0 |
8474 20 000 6 | ---- шынжыр табанды өздігінен жүретін | 0 |
8474 000 8 | ------ өзгелері | 0 |