Құрамында бағалы металл немесе бағалы металдардың қосылыстары бар минерал текті шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 20 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 6 өкімінің 1.8-тармақшасына орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2616 10 000 0, 2616 90 000 0, 7106 10 000 0, 7106 91 000 9, 7108 11 000 0, 7108 12 000 9, 7110 11 000 9, 7110 21 000 9, 7110 31 000 0, 7110 39 000 0, 7110 41 000 0 және 7110 49 000 0 кодтарымен сыныпталатын құрамында бағалы метал немесе бағалы металдардың қосылыстары бар минералдан алынатын шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкалары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024 жылғы 31 наурызға дейінгі аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2616 10 000 0, 2616 90 000 0, 7106 10 000 0, 7106 91 000 9, 7108 11 000 0, 7108 12 000 9, 7110 11 000 9, 7110 21 000 9, 7110 31 000 0 және 7110 41 000 0 кодтары бар позицияларда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "6С)" сілтеме "89С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      б) төртінші графада ЕАЭО СЭҚ ТН 7110 39 000 0 және 7110 49 000 0 кодтары бар позициялар ескертпеге "89С)" сілтемемен толықтырылсын;

      в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 89С ескертпесімен толытырылсын:

      "89С) кедендік құнның 0 (нөл) пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 20 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.03.2024 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу және құрамында бағалы металл немесе бағалы металдардың қосылыстары бар минерал текті шикізаттың жекелеген түрлеріне қатысты осындай баж ставкаларының мөлшерлері туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады