Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына радиоэлектрондық құралдарды және азаматтық түпмақсаттағы, соның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не құрамына кіретін жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу туралы ережеге № 2 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 18 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына радиоэлектрондық құралдарды және азаматтық түпмақсаттағы, соның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не құрамына кіретін жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу туралы ережеге № 2 қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) мынадай мазмұндағы 21-тармағымен толықтырылсын:

      "21. Магнитті-резонансты томографтар, мына радиожиілік жолақтарында жұмыс істейтін магнитті-резонансты томографтар жүйесі:

      13 560 кГц +/– 1,0 % немесе 13 424 – 13 696 кГц;

      14 600 кГц +/– 1,72 % немесе 14 348 – 14 852 кГц;

      40,68 МГц +/– 1,0 % немесе 40,2 – 41,1 МГц;

      63,8 МГц +/– 1,26 % или 62,90 – 64,61 МГц;

      81,36 МГц +/– 1,0 % немесе 80,5 – 82,2 МГц;

      127,7 МГц +/– 0,63 % немесе 126,8 – 128,51 МГц.";

      б) 3-тармақтың 9-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) құрамында радио сәулелендіруші құрылғылар жоқ, соның ішінде басқа құрылғыларға кіріктірілген не құрамына кіретін радио қабылдау құралдары;".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады