Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына радиоэлектрондық құралдарды және азаматтық түпмақсаттағы, соның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не құрамына кіретін жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу туралы ережеге № 2 қосымшаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) мынадай мазмұндағы 21-тармағымен толықтырылсын:
"21. Магнитті-резонансты томографтар, мына радиожиілік жолақтарында жұмыс істейтін магнитті-резонансты томографтар жүйесі:
13 560 кГц +/– 1,0 % немесе 13 424 – 13 696 кГц;
14 600 кГц +/– 1,72 % немесе 14 348 – 14 852 кГц;
40,68 МГц +/– 1,0 % немесе 40,2 – 41,1 МГц;
63,8 МГц +/– 1,26 % или 62,90 – 64,61 МГц;
81,36 МГц +/– 1,0 % немесе 80,5 – 82,2 МГц;
127,7 МГц +/– 0,63 % немесе 126,8 – 128,51 МГц.";
б) 3-тармақтың 9-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) құрамында радио сәулелендіруші құрылғылар жоқ, соның ішінде басқа құрылғыларға кіріктірілген не құрамына кіретін радио қабылдау құралдары;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |