2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 6 өкімінің 1.8-тармақшасын орындау мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8540 71 000 1 кодымен сыныпталатын магнетрондардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу бажының ставкасы осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін кедендік құннан 0 % мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8540 71 000 1 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге "1С)" сілтемесі "76С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 76С ескертуімен толықтырылсын:
"76С) Кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құннан 0 (нөл) % мөлшерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 119 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2023 жылға дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
