Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 127 шешімі.

      2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 7-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) өз аумақтарында жеңіл өнеркәсіп тауарларын (бұдан әрі - тауарлар) сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды (бұдан әрі - таңбалау) енгізу күні мен тәртібін осы Шешімге сәйкес дербес айқындайды және осындай күн туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлайды. Бұл ретте таңбаланбаған тауарлардың айналысына тыйым салу 2020 жылғы 1 қазаннан ерте енгізілмеуге тиіс.

      2. Мыналар:

      осы Шешіммен бекітілген тізбеге (бұдан әрі - тізбе) енгізілген тауарлар таңбалануға жатады;

      тауарларды таңбалау осы Шешімде белгіленген сипаттамаларға сәйкес келетін сәйкестендіру құралдарымен жүзеге асырылады;

      осы Шешіммен белгіленген тізбеге енгізілген тауарлардың қалдықтарын таңбалау мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады;

      мүше мемлекеттер тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйелерінің ұлттық компоненттерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйелері ұлттық компоненттерінің ұлттық операторларын (әкімшілерін) (бұдан әрі – ұлттық операторлар) айқындайды;

      мүше мемлекеттердің тауарларды таңбалауды енгізбеген ұлттық операторлары тауарларды таңбалауды енгізген мүше мемлекеттің ұлттық операторынан алынған, осы ұлттық оператормен жасалған келісім негізінде өз аумағанда сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру үшін пайдаланылатын бірегей дәйекті символдардың (бұдан әрі - таңбалардың) осы мүше мемлекетте тіркелген тауарларды өндірушілер мен олардың айналысына қатысушыларға өз аумағында тауарларды таңбалауды енгізетін күнге дейін берілуін қамтамасыз етеді;

      өз аумағында тауарларды таңбалауды енгізген мүше мемлекеттің ұлттық операторы басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларының сұрау салуы бойынша таңбалау кодтарының 60 минуттан аспайтын мерзімде берілуін қамтамасыз етеді;

      мүше мемлекеттердің ұлттық операторлары осы мүше мемлекетте тіркелген тауарлар айналысына қатысушылардан сұрау салу бойынша таңбалау кодтарының берілуін қамтамасыз етеді;

      тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентіне хабарлау Келісімнің 9-бабына сәйкес мүше мемлекеттің құзыретті (уәкілетті) органын тиісті дәрежеде хабардар ету болып саналады, мұндай хабарламаларды тауар айналымына қатысушылардың жіберуі мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

      ұлттық операторлар трансшекаралық сауда кезінде таңбаланған тауарлардың трансшекаралық сауда шеңберінде сатылғаны туралы өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді;

      ұлттық операторлар арасындағы өзара іс-қимыл Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің осы Шешімге сәйкес көрсетілген іс-қимылды жүзеге асыруға әзірлігі 2020 жылғы 1 сәуірге қарай қамтамасыз етілуге тиіс;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап криптографиялық қорғаудың бірыңғай әдістері енгізілгенге дейін мүше мемлекеттер осы мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында белгіленген сәйкестендіру құралдарын қорғаудың сандық (соның ішінде криптографиялық) және (немесе) полиграфиялық тәсілдерін пайдаланады. Мұндай қорғау құралдарын трансшекаралық саудада таңбаланған тауарларды өткізу кезінде өз аумақтарында тауарлардың таңбалануын енгізген мүше мемлекеттер таниды;

      екі немесе одан да көп мүше мемлекеттер өздерінің аумағында тауарларды таңбалауды енгізген күннен бастап олар осы Шешімге сәйкес құрылған сәйкестендіру құралдарының өзара танылуын, сондай-ақ таңбаланған тауар аумағынан өткен мүше мемлекеттің ұлттық опараторы таңбаланған тауар орналастырылған мүше мемлекеттің ұлттық операторына трансшекаралық сауда шеңберінде тасымалданатын таңбаланған тауарларға қолданылатын сәйкестендіру құралдары туралы ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. Бұл ретте сатушы тіркелген мүше мемлекеттің ұлттық операторы трансшекаралық сауда кезінде өткізілген тауардың айналымнан шығарылғаны ретіндегі мәртебесін белгілейді деп белгіленсін.

      3. Ұсынылып отырған:

      сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлардың тізбесі;

      тауарларды сәйкестендіру құралдарының, тауарларды сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптардың, осындай сәйкестендіру құралдарын басудың генерациясы мен тәртібінің сипаттамасы;

      мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамы мен құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді берудің мерзімдеріне қойылатын талаптар;

      тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғаларға қолжетімді, соның ішінде ұлттық компоненттер мен тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің интеграциялық компоненті құрамындағы ақпараттық сервистер арқылы қолжетімді тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесіндегі таңбаланған тауар туралы мәліметтердің ең аз құрамы бекітілсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Ә. Смайылов

Ж. Разаков

А. Силуанов


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 127 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлардың ТІЗБЕСІ

ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды

Тауардың атауы

4203 10 000

Табиғи былғарыдан немесе композициялық былғарыдан жасалған киім

6106

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж блузкалар, блузалар және блузондар

6201

6203 тауар позициясының бұйымдарынан басқа ерлерге немесе ұл балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар

6202

6204 тауар позициясының бұйымдарынан басқа әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар

6302

Төсек жаймалары, асхана, туалет және асүй жаулықтары

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 127 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Тауарларды сәйкестендіру құралдарының, тауарларды сәйкестендіру құралдарындағы ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптардың, осындай сәйкестендіру құралдарын басудың генерациясы мен тәртібінің СИПАТТАМАСЫ

      1. Осы құжат 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 5-бабы 1-тармағының "а" тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 4203 10 000, 6101, 6202, 6302 позицияларына жататын жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау үшін машинамен оқуға жарамды сәйкестендіру құралы - Data Matrix GS1екі өлшемді штрихкод түріндегі бірегей символдар пайдаланылады және ол мынадай деректерді қамтиды:

      14 цифрлық символдан тұратын деректердің бірінші тобы (қолданудың сәйкестендіргіші) 01)) – сауда бірлігінің (GTIN) жаһандық сәйкестендіру нөмірі;

      деректердің екінші тобы (қолданудың сәйкестендіргіші) 21)) – 13 цифрлық символдан немесе рет-ретімен салынған әріптік-цифрдан тұратын қорабының жеке сериялық нөмірі. Осы топ үшін аяқтау символы ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөліп тұратын символ пайдаланылады;

      деректердің үшінші тобы (қолданудың сәйкестендіргіші) 91)) – ұзындығы (цифр, латын алфавитінің кіші әрпімен және бас әрпімен) 4 символға дейін болады. Пайдалану мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен немесе ЕЭК Кеңесінің шешімімен айқындалады. Осы топ үшін аяқтау символы ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөліп тұратын символ пайдаланылады;

      деректердің төртінші тобы (қолданудың сәйкестендіргіші) 92)) – 44 символға дейінгі цифрдан және латын алфавитінің кіші әрпімен және бас әрпімен тұрады. Пайдалану мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен немесе ЕАЭО Кеңесінің шешімімен айқындалады.

      2021 жылғы 28 мамырға дейін ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарын крипто-қорғаудың бірыңғай әдісін жасау нәтижелері бойынша ЕАЭО-да стандартталған крипто-қорғау блогы үшін үшінші және төртінші деректер топтарын пайдалану көзделіп отыр.

      3. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдары үшін мөлшерді жеңіл өнеркәсіп тауарлары айналымына қатысушылар дербес айқындайды, сәйкестендіру құралдарын басу кезінде негізгі талап машинамен оқи алуға жарамды болуға тиіс.

      4. Жеңіл өнеркәсіп тауаларын сәйкестендіру құралдарын мүше мемлекеттердің жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдарының эмитенттері немесе айналымға қатысушылар жинақтайды.

      5. Жеңіл өнеркәсіп тауарлары оларға, тұтыну қорабына, этикеткасына немесе заттаңбасына сәйкестендіру құралдарын басу арқылы таңбаланады.

      6. Таңбаланған жеңіл өнеркәсіп тауарларын көліктік қорабқа жиынтықтау кезінде осындай көліктік жиынтықтауға басылған сәйкестендіру құралдарын біріктіре отырып, осындай көліктік қорабқа салынған көліктік жиынтықтың бірегей сәйкестендіргіші басылуы мүмкін. Бұл ретте біріктіру деп таңбаланған жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтерді көліктік қорабты ашпастан жеңіл өнеркәсіп тауарларын кейіннен сәйкестендіру мақсатында оған салынатын көліктік қорабтың бірегей сәйкестендіргішімен байланыстыру түсініледі.

      Көліктік қорабқа Serial Shipping Container Code түріндегі көліктік қорабтың бірегей сәйкестендіргішін білдіретін көліктік қорабтың жиынтықтық сәйкестендіргіші бар МЕМСТ ИСО/ХЭК сәйкес Code 128 форматындағы сызықтық штрихкод түріндегі сәйкестендіру құралы басылады.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 127 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары арасында және мүше мемлекеттердің құзыретті (уәкілетті) органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында берілетін таңбаланған тауарлар туралы мәліметтердің форматына, құрамы мен құрылымына, сондай-ақ осындай мәліметтерді берудің мерзімдеріне қойылатын ТАЛАПТАР

      1. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 4203 10 000, 6106, 6201, 6202 позицияларындағы таңбаланған тауарлармен трансшекаралық сауданы жүргізу кезінде, тауарларды таңбалау үшін ақпараттық жүйенің ұлттық компоненттерінің операторлары (әкімшілері) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру шеңберінде осындай тауарлар және оларды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер (бұдан әрі - мәліметтер) келесі стандарттарға сәйкес XML форматында беріледі:

      "Extensible Markup Language (XML) 1.0 (Fifth Edition)" (http://www.w3.org/TR/REC-xml мекенжайы бойынша "Интернет" ақпараттық-коммуникациялық желісінде жарияланған);

      "Namespaces in XML" (http://www.w3.org/TR/REC-xml-names мекенжайы бойынша "Интернет" ақпараттық-коммуникациялық желісінде жарияланған);

      "XML Schema Part 1: Structures" и "XML Schema Part 2: Datatypes" (http: //www.w3.org/TR/xmlschema-1/ және (http: //www.w3.org/TR/xmlschema-2/ мекенжайы бойынша "Интернет" ақпараттық-коммуникациялық желісінде жарияланған).

      2. Мәліметтердің құрамы мен құрылымына қойылатын жалпы талаптар 1-6-кестелерде келтірілген.

      3. Кестеде мынадай жолдар (графалар) қалыптастырылады:

      "элементтің атауы" – реттік нөмірі, элементтің сәйкестендіргіші және тұрақты немесе ресми сөз тіркесімен белгіленімі;

      "элементтің сипаттамасы" – элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "ескерту" – элементтің мақсатын айқындайтын, оны қалыптастыру (толтыру) қағидасын немесе элементтің мүмкін болатын қайталану санын нақтылайтын мәтін;

      "мн." – элементтердің көптігі (міндеттілігі, (опциондығы) және элементтің мүмкін болатын қайталану саны.

      4. Деректерді беру элементтерінің көптігін көрсету үшін   мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – элемент міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – элемент міндетті, n рет қайталануға тиіс > 1);

      1..* – элемент міндетті, шексіз қайталануы мүмкін;

      n.. * – элемент міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс > 1);

      n..m – элемент міндетті, кемінде n рет және m аспай қайталануға тиіс (n > 1, m > n);

      0..1 – элемент опционды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – элемент опционды, шексіз қайталануы мүмкін;

      0..m – элемент опционды, m реттен аспай қайталануы мүмкін(m > 1).

      1-кесте

Трансшекаралық саудада сатылған тауарлар және оларды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтердің құрамы мен құрылымы

Элементтің атауы

Элементтің сипаттамасы

Ескерту

Көпт.

1. Мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты

мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты


1

2. Мәліметті беруші ел

мәліметті беруші елдің екі таңбалы әріптік коды

ISO – 3166 сәйкес көрсетіледі

1

3. Сатушы (экспортер) және тауарды сатып алушы, тауарлар және оларды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер

сатушы (экспортер) және тауарды сатып алушы, тауарлар және оларды сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер


1..*

3.1 Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы мәліметтер

тауарды сатушы (экспортер) туралы мәліметтер


0..1

3.1.1. Салық төлеушінің нөмірі

салық төлеушінің нөмірі

сәйкестендіру коды (нөмірі): Армения Республикасы үшін - салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН), Беларусь Республикасы үшін - төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін - жеке сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), Ресей Федерациясы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН)

1

3.1.2 Салық төлеушінің ЕСК

салық төлеушінің ЕСК

Ресей Федерациясында пайдаланылады

0..1

3.1.3. GLN

тауар сатушының GLN коды


0..1

3.1.4. Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы

тауар сатушы (экспортер) заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы


0..1

3.1.5. Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі

3-кестеге сәйкес көрсетіледі

0..1

3.1.6. Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) байланыс деректемесі

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі

4-кестеге сәйкес көрсетіледі

0..*

3.2. Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы мәліметтер

тауар сатып алушы туралы мәліметтер


0..1

3.2.1. Салық төлеушінің нөмірі

салық төлеушінің нөмірі

сәйкестендіру коды (нөмірі): Армения Республикасы үшін - салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН), Беларусь Республикасы үшін - төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін - жеке сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), Ресей Федерациясы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН)

1

3.2.2 Салық төлеушінің ЕСК

салық төлеушінің ЕСК

Ресей Федерациясында пайдаланылады

0..1

3.2.3. GLN

тауар сатып алушының коды GLN


0..1

3.2.4. . Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы


0..1

3.2.5. Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі

3-кестеге сәйкес көрсетіледі

0..1

3.2.6. Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) байланыс деректемесі

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі

4-кестеге сәйкес көрсетіледі

0..*

3.3. Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы мәліметтер

трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауар және оған салынған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер


1..*

3.3.1 Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы мәліметтер

тауар өндіруші туралы мәліметтер


0..1

3.3.1.1. Тауар өндірушінің GLN

тауар өндірушінің GLN


0..1

3.3.1.2. Салық төлеушінің нөмірі

салық төлеушінің нөмірі


0..1

3.3.1.3 Салық төлеушінің ЕСК

салық төлеушінің ЕСК

Ресей Федерациясында пайдаланылады

0..1

3.3.1.4 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы


0..1

3.3.1.5 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі

3-кесетеге сәйкес көрсетіледі

0..1

3.3.1.6 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) байланыс деректемесі

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі

4-кесетеге сәйкес көрсетіледі

0..*

3.3.2. GTIN сәйкестендіргіші

сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі . Цифрлық мәні

элемент тауар бірлігін бірегей сәйкестендіруге арналған

0..1

3.3.3 ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына (ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың коды

мүше мемлекеттерде шығарылған тауарлар үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кемінде 4 белгісі көрсетіледі:
үшінші елдерден әкелінген тауарлар үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодының кемінде 10 белгісі көрсетіледі

0..1

3.3.4 Тауарлар каталогы бойынша тауардың коды

тауарлар каталогы бойынша тауардың коды


0..1

3.3.5 Тауарлардың ұлттық сыныптауышы бойынша тауардың коды

ЖКС, БРЖС және тауарлардың өзге де ұлттық сыныптауыштары бойынша тауардың коды


0..1

3.3.6 GPC бойынша тауардың коды

Global Product Classification (өнімнің жаһандық сыныптауышы) сәйкес мәні көрсетіледі

құрылымы күрделі

0..1

3.3.7 Тауардың шығарылған елі

тауардың шығарылған елі туралы мәліметтер

элемент тауардың шығарылған елі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған (ISO-3166 сәйкес тауардың)

0..1

3.3.8 Тауарларға декларацияны растайтын құжат туралы мәліметтер

тауарларға декларацияның тіркеу нөмірі және тауарларға декларациядағы тауардың нөмірі туралы мәліметтер


0..*

3.3.9 Құжат туралы, сәйкестікті бағалау туралы мәліметтер

Одақтың техникалық регламентінде көзделген құжат туралы, сәйкестікті бағалау туралы мәліметтер


0..*

3.3.10 Тауар туралы мәліметтер

тауардың сипаттамасын құрылымдық сипаттау

мәліметтер 5-кесетеге сәйкес көретіледі

0..1

3.3.11 Басылған сәйкестендіру құралдарының тізбесі

сәйкестендіру құралының топтық (көліктік) қораптарда болуы ескеріле отырып олардың тізбесі көрсетіледі


0..*

3.3.11.1. Басылған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер

сәйкестендіру құралдары және таңбаланған тауар мәртебесі туралы мәліметтер көрсетіледі


1..*

3.3.11.1.1 Сәйкестендіру құралы

құрылымдалған түрдегі сәйкестендіру құралында берілген мәліметтер

мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі

1

3.3.11.1.2. Тауардың мәртебесі туралы мәліметтер

күрделі элемент, таңбаланған тауардың мәртебесінің белгіленімін, мәртебесін белгілеу себебінің кодын, сондай-ақ тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде осындай мәртебенің белгіленген күні мен уақыты туралы мәліметтерді қамтиды


1

3.3.11.1.2.1 Мәртебесінің коды

таңбаланған тауар мәртебесінің кодпен белгіленімі

мәліметтер 10-кесетеге сәйкес көрсетіледі

1

3.3.11.1.2.2 Мәртебесін белгілеу себебінің коды

тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде тауардың мәртебесін белгілеу себебінің коды


0..1

3.3.11.1.2.3 Күні мен уақыты

тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде тауардың мәртебесін белгілеу күні мен уақыты


1

3.3.11.2. Жоғары деңгейдегі қорабқа сілтеме сәйкестендіргіш



0..1

3.3.11.2.1 Сәйкестендіру құралы

құрылымдалған түрдегі сәйкестендіру құралында берілген мәліметтер

мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі

1

3.3.12. Топтық және (немесе) көліктік қорабтардың тізбесі

таңбаланған тауар орналасқан топтық немесе көліктік қорабтардың тізбесі


0..1

3.3.12.1. Топтық және (немесе) көліктік қаптама туралы мәліметтер



1..*

3.3.13.1.1 Топтау деңгейі



1

3.3.12.1.2 Сәйкестендіру құралы

құрылымдалған түрдегі топтық немесе көліктік сәйкестендіру құралында берілген мәліметтер

мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі

1

3.3.12.1.3. Жоғары деңгейдегі қорабтарға сілтеме сәйкестендіргіш



0..1

3.3.12.1.3.1 Сәйкестендіру құралы

құрылымдалған түрдегі сәйкестендіру құралында берілген мәліметтер

мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі

1

      2-кесте

Трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарларға басылған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтердің құрамы мен құрылымы

Элементтің атауы

Элементтің сипаттамасы

Ескерту

Көпт.

1. 1. Мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты

мәліметтерді қалыптастыру күні мен уақыты


1

2. 2. Мәліметті беруші ел

мәліметті беруші елдің екі таңбалы әріптік коды

ISO – 3166 сәйкес көрсетіледі

1

3. ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды

ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды

ЕАЭО СЭҚ ТН кодының 6 таңбалы коды көрсетіледі

1

4. 3. Сатушы (экспортер) және сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер

сатушы (экспортер) және трансшекаралық сауда шеңберінде сатып алынған тауарларға басылған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер


1..*

4.1 Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы мәліметтер

тауар сатушы (экспортер) туралы мәліметтер


0..1

4.1.1. Салық төлеушінің нөмірі

салық төлеушінің нөмірі

сәйкестендіру коды (нөмірі): Армения Республикасы үшін - салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН), Беларусь Республикасы үшін - төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін - жеке сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), Ресей Федерациясы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН)

1

4.1.2. Салық төлеушіні ЕСК

салық төлеушіні ЕСК

Ресей Федерациясында пайдаланылады

0..1

4.1.3. GLN

тауар сатушының GLN коды


0..1

4.1.4 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы

тауар шығарушы заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы


0..1

4.1.5 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі

3-кесетеге сәйкес көрсетіледі

0..1

4.1.6 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) байланыс деректемесі

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі

мәліметтер 4-кестеге сәйкес көрсетіледі

0..*

4.2. Сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер

тауарға, жеке немесе тұтыну қорабына басылған сәйкестендіру құралының тізбесі


0..*

4.2.1 Сәйкестендіру құралы

тауарды сәйкестендіру құралы мәліметтерінің құрамына енгізілген құрылымдалған түріндегі мәліметтер

мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі

1

4.2.2 Тауардың мәртебесі туралы мәліметтер

күрделі элемент, таңбаланған тауардың мәртебесінің белгіленімін, мәртебесін белгілеу себебінің кодын, сондай-ақ тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде осындай мәртебенің белгіленген күні мен уақыты туралы мәліметтерді қамтиды

мәліметтер 10-кестеге сәйкес көрсетіледі

1

4.3. Топтық немесе көліктік қораб туралы мәліметтер

топтық немесе көліктік қорабқа басылған сәйкестендіру құралының тізбесі


0..*

4.3.1 Сәйкестендіру құралы

тауарды сәйкестендіру құралы мәліметтерінің құрамына енгізілген құрылымдалған түріндегі мәліметтер

мәліметтер 6-кестеге сәйкес көрсетіледі

1

4.3.2 Тауардың мәртебесі туралы мәліметтер



0..1

5. Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер туралы мәліметтер

тауар сатып алушы туралы мәліметтер


0..1

5.1. Салық төлеушінің нөмірі

салық төлеушінің нөмірі

сәйкестендіру коды (нөмірі): Армения Республикасы үшін - салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН), Беларусь Республикасы үшін - төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН), Қазақстан Республикасы үшін - жеке сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), Ресей Федерациясы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН)

1

5.2 Салық төлеушінің ЕСК

салық төлеушінің ЕСК

Ресей Федерациясында пайдаланылады

0..1

5.3. GLN

тауар сатып алушының коды GLN


0..1

5.4 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) толық атауы


0..1

5.5 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) мекенжайы туралы мәліметтердің тізбесі

мәліметтер 3-кестеге сәйкес көрсетіледі

0..1

5.6 Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) байланыс деректемесі

заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) телефон нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі

мәліметтер 4-кестеге сәйкес көрсетіледі

0..*

      3-кесте

Мекенжай туралы мәліметтердің тізбесі

Нөмірі

Атуы

Сипаттамасы

Көпт.

1

Мекенжай түрінің коды

мекенжай түрінің кодтық белгіленімі (орналасқан жерінің мекенжайы, хат жазу үшін және т.б.) (тізбеге сәйкес: "1" - тіркелген мекенжайы;
"2" - нақты мекенжайы; "3" -почталық индексі көрсетіледі

0..1

2

Елдің коды

елдің кодтық белгіленімі (ISO-3166 сәйкес көрсетіледі)

0..1

3

Аумақтың коды

әкімшілік-аумақтық бірліктің коды

0..1

4

Өңір

бірінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірлік атауының коды

0..1

5

Аудан

екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірлік атауының коды

0..1

6

Қала

қаланың атауы

0..1

7

Елді мекен

елді мекеннің атауы

0..1

8

Көше

қалалық инфрақұрылым желісіндегі көше-жол элементінің атауы

0..1

9

Үйдің нөмірі

үйдің, корпустың, құрылыстың белгіленімі

0..1

10

Үй-жайдың нөмірі

офисьтің немесе пәтердің белгіленімі

0..1

11

Почталық индекс

почталық байланыс кәсіпорнының почталық индексі

0..1

12

Абоненттік жәшіктің нөмірі

почталық байланыс кәсіпорнының абоненттік жәшігінің нөмірі

0..1

      4-кесте

Байланыс деректемелері туралы мәліметтердің тізбесі

Нөмірі

Атауы

Сипаттамасы

Көпт.

1

Байланыс түрінің коды

байланыс құралы (арнасы) түрінің кодтық белгіленімі (телефон, факс, электрондық почта және т.б.) (тізбеге сәйкес:

"AO" – "Интернет" ақпараттық-коммуникациялық желідегі сайттың мекенжайы; "EM" – электрондық почта; "FX" – телефакс; "TE" – телефон;

"TG" – телеграф; "TL" – телекс)

0..1

2

Байланыс түрінің атауы

байланыс құралы (арнасы) түрінің атауы (телефон, факс, электрондық почта және т.б..)

0..1

3

Байланыс арнасының сәйкестендіргіші

Байланыс арналарын сәйкестендіретін символдардың рет-ретімен орналасуы (телефон, факс нөмірлерін, электрондық почта мекенжайын және т.б. көрсету)

0..*

      5-кесте

Тауардың сипаттамалары туралы мәліметтердің тізбесі

Нөмірі

Атауы

Сипаттамасы

Ескерту

Көпт.

1

Тауардың функционалдық атауы

тауардың функционалдық атауы

функционалдық атауы - бұл тұтынушыға өнімнің не екенін және оны қалай пайдалануға болатындығын түсінуге мүмкіндік беретін сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы: "әйелдер блузкасы", "әйелдер туфлиі"

1

2

Тауардың әр түрлілігі

тауардың жалпы сипаттамасы (тауар жасалған материалдың атауы және тауардың өзге де ерекше белгілері (моделі, түсі, мөлшері, материалы, шикізатының қрамы)

тауардың бір мәтінге біріктірілген сипаттамасы көрсетіледі. Оның әр түрлілігі функционалдық атауы дәл осындай басқа тауарлармен салыстырғандағы ерекше белгілеріне көрсетеді. Ерекшеліктері сипаттамасын (мақсаты, моделі және т.б.), ыдысы түрінің сипаттамасын, тауар бірлігінің қорабын қамтиды

0..1

3

Тауардың затбелгісіндегі атауы


еркін нысанда жасалады

0..1

4

Тауардың біріктірілген атауы




5

Бренді

тауар белгісі (бренді, сауда маркасы) туралы мәліметтер

нақты өндірушінің өнімдерін мақсатты нарықта орналастыру кезінде пайдаланылатын абстрактылы түсінік элемент тауарларды өлшеу бірлігінің коды (кодтық белгілеу) туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

0..1

6

Суббренд

суббренд

суббренд – бұл өндіруші (дистрибутор және т.б.) ерекше бөліп көрсететін брендтің түрі. Мысалы, "Марко", (субренд- Премиум)

0..1

7

Өлшем бірлігі

тауар санының өлшем бірлігі

элемент тауардың коды (кодтық белгіленімі), өлшем бірлігі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған

1

8

Тауардың суреті

тауардың фотографиялық суреті

элементте тауардың фотографиялық суреті бар

0..3

9

Түрі

киім түрінің (блузка, күртеше, төсекқап, жастыққап және т.б.) сипаттамасын қамтиды


0..1

10

Моделі

өндірушінің моделі


0..1

11

Түсі

түсі


0..1

12

Өлшемі

өлшемі


0..1

13

Жас санаты

тұтынушының жасы көрсетіледі


0..1

14

Жынысы

қай жынысқа жататындығы (әйел, еркек, ортақ)


0..1

15

Материалы

дайындау үшін пайдаланылатын материал


0..1

16

Құрамы

тауардың құрамына кіретін элементтердің, ингредиенттердің сипаттамасын қамтиды. % көрсету

мәтіндік жолда айқындалған тауардың сипаттамасы көрсетіледі

0..1

17

Қосымша мәліметтер

қосымша мәліметтер


0..1

      6-кесте

Тауарды сәйкестендіру құралы туралы мәліметтердің тізбесі

Нөмірі

Атауы

Сипаттамасы

Ескерту

Көпт.

1

Сәйкестендіру құралының түрі

сәйкестендіру құралы түрлерінің тізіміне сәйкес сәйкестендіру құралы түрінің 3 таңбалы коды көрсетіледі

7-кестеге сәйкес көрсетіледі

1

2

Тізілім бойынша нөмірі

сәйкестендіру құралдары тізілімі бойынша нөмірі көрсетіледі


0..1

3

Сәйкестендіру құралдары деректерінің блогы



1..*

3.1

Қолданудың сәйкестендіргіші (AI)

дөңгелек жақшаға салынған, сәйкестендіргіштегі ақпарат блогының мақсатын көрсететін қолданудың цифрлық сәйкестендіргіші

9-кестеде айқындалған қағидаларға сай 8-кестеге сәйкес көрсетіледі

0..1

3.2

Ақпарат блогының символдық мәні

сәйкестендіру құралындағы ақпарат блогының символдық мәнін қамтиды

9-кестеде айқындалған қағидаларға сәйкес көрсетіледі

1

      7-кесте

Сәйкестендіру құралының түрі

Бөлімнің коды

Сәйкестендіру құралы түрінің коды

Сәйкестендіру құралы түрінің атауы

1

сызықтық штрихкод

101

сызықтық штрихкод Code 128

2

көп деңгейлі екі өлшемді штрихкод

3

матрикалық екі өлшемді штрихкод

301

DataMatrix код

302

QR код

303

Micro QR код

4

радио белгілері

401

UHF-диапазонының RFID-белгісі

9

сәйкестендіру құралының басқа түрлері

999

басқа

      8-кесте

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 4203 10 000, 6106, 6201, 6202, 6302 позицияларын таңбалау кезінде пайдаланылатын сәйкестендіргіштер тізбесі (AI)

AI коды

AI толық атауы

Элементтік жолдың форматы

Сипаттамасы

Ескерту

00

Көліктік қорабының сериялық коды (ыдысы) – SSCC
(Serial Shipping Container Code)

N2+N18

деректер жолы SSCC нөмірін қамтиды

AI (00) қолданудың сәйкестендіргіші өзінен кейін келетін 18 таңбадан тұратын сандық өріс логистикалық бөлімді белгілеу үшін қолданылатын көліктік қорабтың (ыдыстың) (SSCC) сериялық кодын қамтитынын көрсетеді

01

Тауар бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірі – GTIN
(Global Trade Item Number)

N2+N14

GTIN- Global Trade Item Number – GS1 ашық стандарттар жүйесінде бір атаудағы (артикул) тауарлардың жаһандық сәйкестендіру нөмірі. 14 таңбалы сандық сәйкестендіргіш

AI (01) қолданудың сәйкестендіргіші тікелей өзінен кейін келетін 14 таңбадан тұратын сандық өрісте тауар бірлігін таңбалау үшін пайдаланылатын жаһандық сәйкестендіру нөмірін (GTIN) қамтитынын көрсетеді

02

GTIN көліктік қорабының (ыдыстар) ішіндегі тауарлар бірлігі (GTIN of Contained Trade Items)

N2+N14


AI (01) қолданудың сәйкестендіргіші тікелей өзінен кейін келетін 14 таңбадан тұратын сандық өріс тауарлар бірдей қорабта болған кезде көліктік қаптаманың ішіндегі тауар бірлігін қамтитынын көрсетеді.
Түсіндірме: Бұл элементтік жолды, егер оның құрамындағы бірдей деңгейдегі тауарлар GTIN қамтитын болса, оны өздігінен тауар бірлігі болып табылмайтын логистикалық элемент үшін ғана пайдалануға болады, Көліктік қорабта (ыдыс) ішіндегі GTIN тауар бірлігі логистикалық бірліктегі жоғары деңгейлі тауар бірлігінің сәйкестендіру нөмірін білдіреді.

21

Сериялық нөмірі (Serial Number)

N2+X..13

сериялық нөмірі (Serial Number)

AI (21) қолданудың сәйкестендіргіші өзінен кейін тікелей келетін 13 символды жол тауарды өндірушінің тауарды қолдану мерзімінің барлық уақытына беретін тауардың сериялық нөмірін қамтитынын көрсетеді. GTIN-мен бірге сериялық нөмір әрбір тауар бірлігі үшін бірегей сәйкестендіргіші болып табылады.
Түсіндірме: жеңіл өніркәсіп тауарларын сәйкестендіру мақсатында 13 таңбадан тұратын өнімнің жеке сериялық нөмірі (цифрлар, латын әліпбиінің кіші және бас әріптері, сондай-ақ арнайы символдар) пайдаланылады

91

Тексеру кілтінің сәйкестендіргіші


тексеру кілтінің сәйкестендіргіші

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қолданылады, тауарлардың трансшекаралық өтуі туралы мәліметтерде берілмейді

92

Тексеру коды


тексеру коды

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қолданылады, тауарлардың трансшекаралық өтуі туралы мәліметтерде берілмейді

      9-кесте

"Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидалары

ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың коды

Сәйкестендіру құралының түрі

"Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидасы

Тауардың жеке немесе тұтыну қорабына басылған сәйкестендіру құралына қатысты "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидалары

4203 10 000,
6106,
6201,
6202,
6302

301

"Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің құрылатын даналарының саны: 2
"Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің бірінші данасына қойылатын талаптар:
"Қолданудың сәйкестендіргіші (AI)" деректемесінің мәні: "01"
"Ақпарат блогының символдық мәні" деректемесінің мәні:
деректемеде тауардың сәйкестендіру нөмірі (GTIN) болуға тиіс.
"Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің екінші данасына қойылатын талаптар:
"Қолданудың сәйкестендіргіші (AI)" деректемесінің мәні: "21"
"Ақпарат блогының символдық мәні" деректемесінің мәні: деректемеде тауардың жеке сериялық нөмірі (SN) болуға тиіс.

Көліктік қаптамаға салынған сәйкестендіру құралына қатысты "Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесін қалыптастыру қағидалары

4203 10 000,
6106,
6201,
6202,
6302

101

"Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің құрылатын даналарының саны: 1
"Сәйкестендіру құралының деректер блогы" деректемесінің данасына қойылатын талаптар:
"Қолданудың сәйкестендіргіші (AI)" деректемесінің мәні: "01"
"Ақпарат блогының символдық мәні" деректемесінің мәні: деректеме көліктік қорабтың бірегей сәйкестендіргішін қамтуға тиіс.

      10-кесте

Таңбаланған тауарлар және оларды сәйкестендіру туралы мәліметтермен алмасу кезінде пайдаланылатын таңбаланған тауарлар мәртебесінің тізбесі

Мәртебесінің коды

Мәртебесінің сипаттамасы

Кодтардың мүмкін болатын мәндері және мәртебе белгілеу себебінің сипаттамасы

00

мән-жайы анықталмаған

"99" – ақпарат жойылған (импортердың жүйесінде белгіленеді);

"34" – трансшекаралық сауда шеңберінде сатушыға тауарды қайтару (импортердың жүйесінде белгіленеді)

10

тауар мүше мемлекетте айналымға енгізілген

"33" – трансшекаралық сауда шеңберінде тауарды есепке қабылдау (импортердың жүйесінде белгіленеді);

"34" – трансшекаралық сауда шеңберінде сатушыға тауарды қайтару (импортердың жүйесінде белгіленеді)

"99" – ақпарат жойылған (импортердың жүйесінде белгіленеді)

20

тауар айналыстан шығарылған

"33" – трансшекаралық сауда шеңберінде тауарды есепке қабылдау (импортердың жүйесінде белгіленеді)

31

тауар трансшекаралық сауда аясында сатылған (сатуға арналған)


  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 128 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Тұтынушылар мен басқа да мүдделі (заңды және жеке) тұлғаларға қолжетімді тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде бар, 4203 10 000, 6106, 6201, 6202, 6302 позицияларына жататын жеңіл өнеркәсіп тауарлары туралы мәліметтердің ең аз құрамы

      1. Сауда бірлігінің жаһандық нөмірі (Global Trade Item Number (GTIN)).

      2. Тауар бірлігінің жеке сериялық нөмірі (SN).

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды (6 немесе 10 таңбалар).

      4. Тауар бірлігінің функционалдық атауы.

      5. Тауар туралы мәліметтер (тауар белгісі (бар болса), түсі, өлшемі, моделі, шикізатының құрамы, бұйымның түрі, мақсаты (бар болса), жас санаты (бар болса), материалдың түрі (бар болса).

      Тауардың шығарылған (өндірілген) елі.

      6. Таңбалануға тиісті өнім туралы ақпаратты ұсынған шаруашылық жүргізуші субъекті туралы ақпарат (заңды тұлғаның атауы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның (бұдан әрі - жеке кәсіпкер) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сәйкестендіру коды (нөмірі) (Армения Республикасы үшін - салық төлеушінің есептік нөмірі (СЕН), Беларусь Республикасы үшін - төлеушінің есептік нөмірі (СЕН), Қазақстан Республикасы үшін - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), Қырғыз Республикасы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), Ресей Федерациясы үшін - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН)), заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жерінің мекенжайы).

      7. Тауар өндіруші туралы ақпарат (заңды тұлғаның атауы, тегі, аты-жөні).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады