Тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 64 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 49-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Одақтың құқығына сәйкес оларға қатысты тарифтік преференциялар беру көзделген, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінген тауарларға қатысты оларды Одаққа мүше мемлекеттің кеден органы (бұдан әрі- кеден органы) шығарғаннан кейін тарифтік преференциялар, егер:

      декларант тауарларды декларациялаған кезде тарифтік преференциялар мәлімделмесе;

      декларант тауарларды декларациялаған кезде тарифтік преференциялар мәлімделген болса, бірақ кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша кеден органдары тауарды шығарғанға дейін Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 3 және 4-тармақтарында осы тауарларға қатысты көзделген, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын анықтау қағидаларында белгіленген тарифтік преференцияларды беру шарттарын (бұдан әрі – тиісінше тарифтік преферанциялар беру шарттары, әкелінетін тауарлардың шығарылуы) сақтамағаны, соның нәтижесінде оларды кеден органы тарифтік преференцияларды қолданбай шығарғандығы анықталса;

      кеден органы тауарларды тарифтік преференцияларды қолдана отырып шығарса, бірақ кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша кеден органдары тауарларды шығарғаннан кейін осындай тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру шарттарын сақтамағаны, соның нәтижесінде тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге тарифтік преференцияларды қолданумен байланысты тиісті өзгерістер (толықтырулар) енгізілгені анықталса, қалпына келтіріледі.

      Егер кеден органдары кедендік бақылау жүргізудің нәтижесінде тауарларды декларациялаған кезде берген тауардың шығарылуы туралы сертификаттың (ал егер бұл әкелінетін тауарлардың шығарылуын анықтау қағидаларында көзделген болса – тауардың шығарылуы туралы серификат) түпнұсқа емес (бұрмаланған, жалған) болып табылғанын анықтаса, осы тармақтың үшінші және төртінші абзацтарына қарамастан, тарифтік преференция қалпына келтірілмейді.

      2. Кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша тарифтік преференциялар, мынадай шарттар орындалған кезде:

      тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру шарты орындалса;

      тауарларды шығарған кеден органына осындай тауарлардың декларанты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің ІҮ бөліміне сәйкес:

      тауарларға декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы уәжделген өтініш;

      тауарларға декларацияға түзету;

      тауардың шығарылған жері туралы сертификат;

      тарифтік преференцияларды беру шарттарының сақталғанын растайтын өзге де құжаттар ұсынған;

      осы тармақтың төртінші абзацында көрсетілген өтінішті кеден органы -тауарларға декларацияны тіркеген күннен бастап 12 айдан кешіктірмей, ал егер әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларында өзге мерзім белгіленсе – осындай қағидаларда айқындалған күннен кешіктірмей өтініш берген болса, қайта қалпына келтіріледі деп белгіленсін.

      Егер осы тармақтың төртінші тармағында көрсетілген өтінішті бергенге дейін кедендік бақылау жүргізудің нәтижелері бойынша тауарлардың шығарылуы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 314-бабының 5-тармағына сәйкес расталмаған деп есептелетінін кеден органдары анықтамаса, осы Шешімнің 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарына сәйкес тарифтік преференциялар қалпына келтірілген жағдайларда, осы тармақтың алтыншы абзацында көзделген тауардың шығарылуы туралы сертификат ұсыну талап етілмейді.

      Осы тармақтың сегізінші абзацында көзделген шарт осы Шешімнің 1-тармағының төртінші абзацына сәйкес тарифтік преференциялар қалпына келтірілген жағдайда қолданылмайды.

      3. Осы Шешімнің 1-тармағының екенші абзацында көрсетілген жағдайда, декларант Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсақаулыққа сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін тарифтік преференцияларды қалпына келтіруге ниеті туралы ақпаратты тауарларға арналған декларацияда мәлімдеуге құқылы болады деп белгіленсін.

      Тауарларға арналған декларацияда мұндай ақпараттың болмауы тарифтік преференцияларды қалпына келтіруден бас тартуға негіз болып табылмайды.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
Ә. Смайылов

Қырғыз
Республикасынан
Ж. Разаков

Ресей
Федерациясынан
А. Силуанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады