Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына, 24-тармағының 15) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 7-бабының 2-тармағына, 253-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына, 254-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 329 шешімімен бекітілген Оларға қатысты арнайы кедендік рәсім белгіленуі мүмкін тауарлар санаттарының тізбесі және оларды осындай кедендік рәсімге орналастыру шарттары мынадай мазмұндағы 102) тармақпен толықтырылсын:
"102) Осы Тізбенің 10-тармағында көрсетілген, 2019 жылғы ІІ Еуропа ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарлар осы Тізбенің 10-тармағына сәйкес мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып арнайы кедендік рәсімге орналастырылады.
Осы Тізбенің 10-тармағының ережелеріне қарамастан, спортшылар мен делегация мүшелеріне медициналық көмек көрсету үшін қажетті тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.12. бөліміне енгізілген дәрілік препараттарды (есірткі заттар, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары) (бұдан әрі – дәрілік препараттар) арнайы кедендік рәсімге орналастыруға жол беріледі. Дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларының (аттарының) тізбесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, аумағында спорттық шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
Дәрілік заттарды арнайы кедендік рәсімге орналастыруға аталған тауарлардың декларанттары тізбесі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, аумағында спорттық шаралар өтіп жатқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын тұлға болып табылған жағдайда, осындай тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттарды бермей-ақ жол беріледі. Дәрілік заттарға қатысты осы Тізбенің 10-тармағының төртінші бөлігінде көзделген жазбаша растауларды ұсыну талап етілмейді.
2. Мыналарға экспортқа және (немесе) импортқа лицензиясыз:
2019 жылғы ІІ Еуропалық ойындарды ұйымдастыру және өткізу кезінде пайдалануға арналған және осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тізбенің 10 және 102) тармақшаларына сәйкес арнайы кедендік рәсімге орналастыруға рұқсат етілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелуге;
осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тауарларды 2019 жылғы ІІ Еуропалық ойындар өткізілетін және осындай тауарлар арнайы кедендік рәсімге орналастыралатын өңірдің кеден органына жеткізу үшін кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруға немесе арнайы кедендік рәсім қызметі аяқталғаннан кейін осы тауарларды 2019 жылғы ІІ Еуропалық ойындарды ұйымдастыру мен өткізу құзырына жататын уәкілетті мемлекеттік органның (ұйымның) спорттық іс-шаралардың атауларын, тауарлардың атаулары мен санын және осындай тауарларды өткізген тұлға туралы мәліметтерді көрсете отырып, осындай тауарлардың өз мақсатында пайдаланғанын растайтын жазбаша растауларын ұсынған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың аумағынан әкетуге;
осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге рұқсат етілсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения М. Григорян |
Беларусь И. Петришенко |
Қазақстан Ә. Смайылов |
Қырғыз Ж. Разаков |
Ресей А. Силуанов |
