Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 360-бабы 3-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №210 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тауарлармен сыртқы саудасының кедендік статистикасын жүргізу әдіснамасының 9-тармағының "а" тармақшасының алтыншы абзацы "(оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 161-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес аталған кедендік рәсім қимылдарын аяқтау бағамдалатын тауарларды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
К.Минасян |
