1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 9 өкімімен бекітілген Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:
Армения Республикасынан
| 
Аветисян                            | - | 
Армения Республикасы Қоғамдық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комиссия аппаратының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы | 
| 
Арутюнян                           | - | 
Армения Республикасы Энергетикалық инфрақұрылымдар және табиғи ресурстар министрінің орынбасары | 
| 
Баграмян                            | - | 
Армения Республикасы Қоғамдық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комиссияның | 
| 
Бадалян                              | - | 
Армения Республикасы Энергетикалық инфрақұрылымдар және табиғи ресурстар министрлігінің Энергетика басқармасының бастығы | 
| 
Мелконян                           | - | Армения Республикасы Энергетикалық инфрақұрылымдар және табиғи ресурстар министрлігінің Сыртқы байланыстар басқармасының бастығы | 
Беларусь Республикасынан
| 
Бибиков                              | - | Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің Монополияға қарсы реттеу бас басқармасы бастығының орынбасары - табиғи монополияларды реттеу, отын-энергетика кешені және көлік басқармасының бастығы | 
| 
Ковалев                              | - | 
"ОДУ"  республикалық  біртұтас электр энергетикасы кәсіпорнының бас директоры | 
| 
Фомин                                | - | 
Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің орынбасары | 
Ресей Федерациясынан
| 
Сысоева  | - | Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрлігінің ТМД елдерімен экономикалық ынтымақтастық және Еуразиялық интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары; | 
б) Консультативтік комитеттің мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:
| 
Крутой                                | - | 
Беларусь Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары     | 
| 
Жүнісова | - | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары; | 
в) Консультативтік комитет құрамынан И.Г.Исаян, В.Л.Горовиков, А.Е.Мырзағалиева, Р.С.Сұлтанов, Д.Б.Чигамбаев және И.Б. Галкин шығарылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.Саркисян | 
 
           
          
