1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 9 өкімімен бекітілген Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:
                                Қырғыз Республикасынан
| 
Абдубалиев                                            | - | Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің электр энергиясын бөлу бөлімінің меңгерушісі | 
| 
Қалиев | - | "Ұлттық энергетикалық холдингкомпаниясы" ашық акционерлік қоғамының төрағасы | 
| 
Орозоев | - | "Электр станциялары" ашық акционерлік қоғамының энергия өткізу бөлімінің бастығы | 
| 
Чолпонкулов | - | Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің электр энергиясын өндіру және беру бөлімінің меңгерушісі | 
Ресей Федерациясынан
| 
Дрига | "Сибирская генерирующая компания" жауапкершілігі шектеулі қоғамының электр энергиясы нарықтары мен қуаттары жөніндегі директоры; | 
б) Консультативтік комитет мүшесінің жаңа лауазымы көрсетілсін:
| 
 Жүнісова | - | Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары; | 
в) Консультативтік комитет құрамынан А.С.Минаев, Р.Г.Садыков, А.К.Стамалиев және С.Ю.Архипов шығарылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.Саркисян | 
 
           
          
