Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, оған өзгерістер енгізу мен күшін жою тәртібі туралы ереженің 6-тармағының екінші абзацын ескере отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 2 қазандағы "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін (КО ТР 031/2012) қолданысқа енгізу тәртібі туралы" № 181 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1.1-тармағының бірінші абзацындағы "2017 жылғы 15 наурыз" деген сөздер "жарамдылық мерзімі сандық квотамен шектелетін өнімдер партиясының құжаттарын қоспағанда, 2019 жылғы 15 наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1.2-тармағының бірінші абзацындағы "2017 жылғы 15 наурыз" деген сөздер "2019 жылғы 15 наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
