"Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 21 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережесін басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      - осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      - осы қаулыны Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      - осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 187 "Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы № 30 "Шыңғырлау ауданының қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Бисембаевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірәлиев

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 18 ақпандағы
  № 21 қаулысына қосымша

"Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) аудан аумағындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомствосы бар:

      1) Шыңғырлау ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Шыңғырлаукомтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Лұқпан Қылышев атындағы көшесі № 112Е.

      Мемлекеттік органның мемлекетік тілде толық атауы – "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік органның ресми тілде толық атауы – государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог района Шынгырлау Западно-Казахстанской области". Мемлекеттік органның мемлекетік тілде атауын латын графикасында "Batys Qazaqstan oblysy Şyñğyrlau audanynyñ tūrğyn üi-komunaldyq şaruaşylyq jolauşylar kölıgı jäne avtomobil joldary bölımı" мemlekettık мekemesı жазуларымен қолдануға болады және ол мемлекеттік тілдегі атауымен барабар.

      10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері.

      13. Мақсаттары:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      қолданыстағы заңнамаларға және басқа нормативтік актілерге сәйкес өз құзырына жататын мәселелер жөнінде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қажетті құжаттарды сұратады және алады;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қаралған басқа да құқықтарды жүзеге асырады.

      2) міндеттері:

      аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы заңнаманың сақталуы.

      15. Функциялары:

      1) тұрғын үй қорынан жекешелендіру мәселесі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету және тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) әлеуметтік саладағы обьектілердің қысқы әзірлігі туралы іс шараларды жетілдіру және іске асыру;

      3) кәсіпорындардың жылумен, электрлендірумен, газбен, сумен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;

      4) коммуналдық шаруашылықты, коммуналдық қызметті тұтыну есебін реттеу жұмыстарын дамытуды ұйымдастыру;

      5) жолаушылар көлігі қызметін ұйымдастыру;

      6) аудандағы автомобиль жолдарын жөндеу және күтімді ұстау туралы іс шараларын іске асыру;

      7) аудандағы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру іс шараларын іске асыру;

      8) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ, және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау;

      9) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

      10) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

      11) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өзге де қызметтері.

3-тарау. Мемлекеттік мекеме басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттіктері:

      1) Мемлекеттік мекеменің Ережесін, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық жасайды, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      3) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      4) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      5) еңбек заңнамасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін сыйақыландыру, заттық көмек көрсету және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;

      6) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, мемлекеттік мекеме қызметшілеріне орындауға міндетті нұсқаулар шығарады;

      7) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеме мүддесін білдіреді;

      8) ерлер мен әйелдердің әр түрлі құқықтары және мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдемесі туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету;

      9) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтауға дербес жауапкершілікті алып жүреді;

      10) Жер Кодексіне, еңбек, мемлекеттік қызмет, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      11) Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.

      21. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады