Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 15 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Е. Үмітовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Умашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақжайық аудандық
мәслихатының төрағасы
      _______________ С. Сиражев
      "__" _______ 2025 жыл

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "26" қаңтардағы
№ 15 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі.

      1) Басқарушы персонал:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор), басшының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелері бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы (директор), отбасын қолдау орталығының басшысы (директор), үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі, отбасын қолдау орталығының құрылымдық бөлімшенің басшысы.

      2) Негізгі персонал:

      мамандар: үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметтер жөніндегі кеңесшісі, күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызметкер, психолог, халықпен профилактикалық жұмыс маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант, ассистент).

2. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі.

      1) Басқарушы персонал:

      мәдениет ұйымдары мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директор) және басшысының (директор) орынбасары, (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), музыкалық бөлім меңгерушісі, мәдениет үйінің жетекшісі, ауылдық клуб меңгерушісі, көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет жетекшісі, кітапхана басшысы (директор) және басшысының (директор) орынбасары, бөлім меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі.

      2) Негізгі персонал:

      мамандар: режиссер, режиссер ассистенті, дирижер, хормейстер, балетмейстер, хореограф, сүйемелдеуші, дыбыс режиссері, әкімші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), концертмейстер, музыкалық жетекші, музыкатанушы, ұжым (үйірме) жетекшісі, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), кітапханашы, библиограф, редактор.

      3) Әкімшілік персонал:

      барлық атаудағы техниктер.

3. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесі.

      1) Басқарушы персонал:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор), басшысының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), спорт клубының меңгерушісі.

      2) Негізгі персонал:

      мамандар: нұсқаушы-спортшы, нұсқаушы-әдіскер, медициналық бике/аға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады