"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына 50 (елу) пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемақылар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 4 маусымдағы № 25-5 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына 50 (елу) пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемақылар белгіленсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Е. Салықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады