ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына 50 (елу) пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемақылар белгіленсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | Е. Салықов |