Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 23-6 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.04.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 "Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген), Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшері - ҚҚС есептемегенде 130 теңге болып бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2026 жылғы 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Е. Салықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады