Батыс Қазақстан облысында тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 121 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2026 жылғы
"22" мамырдағы № 121
қаулысымен бекітілген

Елді мекен атауы

Үйдің мекенжайы

Жоспарланған шаралар

2026 жылы

1

Орал қаласы

Қ. Аманжолов көшесі, 14-үй

Бұзу және құрылыс

2

Абай даңғылы, 44-үй

3

Ғ. Қараш көшесі, 33/1-үй

2027 жылы

1

Орал қаласы

Ақотау көшесі, 14-үй

Бұзу және құрылыс

2

Ақотау көшесі, 16-үй

3

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы

Сабыров көшесі, 2-үй

Бұзу және құрылыс

4

Игілік көшесі, 9-үй

2028 жылы

1

Орал қаласы

Пугачев көшесі, 28-үй

Бұзу және құрылыс

2

Ғ.Тоқай көшесі, 27-үй

2029 жылы

1

Орал қаласы

Х. Чурин көшесі, 99-үй

Бұзу және құрылыс

2

Қ. Аманжолов көшесі, 99-үй

3

Ақотау көшесі, 23-үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады