Батыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 21 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2026 жылғы "___"
___________ № ___________
қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысының жеке меншік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Р/с №

Сыныптар

Оқушылар саны

Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Жалпы білім беретін сыныптар

Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқыту

Орта білім беру ұйымдардағы түзету сыныптары

Үйде оқыту

2025 ж

2026 ж

2025 ж

2026 ж

2025 ж

2026 ж

2025 ж

2026 ж

1

1- 4 сыныптар

918

459 577

477 790

778 512

806 067

851 335

880 631

2 170 855

2 234 288

2

5-9 сыныптар

392

621 473

644 257

1 102 304

1 139 001

1 012 927

1 046 790

2 688 694

2 766 763

3

10-11 сыныптар

1558

739 133

765 239

1 337 624

1 380 965

1 072 534

1 108 082

3 206 067

3 298 759


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады