Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 34 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.05.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай оффшорлық аймақтар тізбесі бекітілсін:

      1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);

      2) Андорра Княздігі;

      3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      4) Багам аралдары Достастығы;

      5) Белиз мемлекеті;

      6) Бруней Даруссалам мемлекеті;

      7) Танзания Біріккен Республикасы;

      8) Вануату Республикасы;

      9) Гватемала Республикасы;

      10) Гренада мемлекеті;

      11) Джибути Республикасы;

      12) Доминика Достастығы;

      13) Доминикан Республикасы;

      14) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      15) Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      16) Комор аралдары Одағы;

      17) Гайана Кооперативтік Республикасы;

      18) Коста-Рика Республикасы;

      19) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданының аумағы бөлігінде ғана);

      20) Либерия Республикасы;

      21) Ливан Республикасы;

      22) Мауритания Ислам Республикасы;

      23) Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана);

      24) Мальдив Республикасы;

      25) Мальта Республикасы;

      26) Солтүстік Мариан Аралдары Достастығы;

      27) Маршалл аралдары Республикасы;

      28) Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);

      29) Мьянма Одағы;

      30) Науру Республикасы;

      31) Нигерия Федеративтік Республикасы;

      32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);

      33) Палау Республикасы;

      34) Панама Республикасы;

      35) Португалия (Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

      37) Сейшель аралдары Республикасы;

      38) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      40) Сент-Люсия мемлекеті;

      41) Суринам Республикасы;

      42) Тонга Корольдігі;

      43) Тринидад және Тобаго Республикасы;

      44) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі (Ангилья аралдары, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Норманд аралдары (Сарк, Олдерни аралдары), Оңтүстік Георгия аралы, Оңтүстік Сандвич аралдары, Теркс және Кайкос аралдары, Чагос аралы аумақтарының бөлігінде ғана);

      45) Фиджи Тәуелсіз Демократиялық Республикасы;

      46) Филиппин Республикасы;

      47) Француз Республикасы (Кергелен аралдары, Француздық Гвиана, Француздық Полинезия аумақтарының бөлігінде ғана);

      48) Черногория Республикасы;

      49) Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы;

      50) Ямайка.

      2. Осы қаулының мақсаты үшін оффшорлық аймақтар деп осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, жеңілдікті салық режимін ұсынатын және (немесе) қаржылық операцияларды жүргізу кезінде ақпаратты жария етуді және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар түсініледі.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулы қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Төраға Т.М. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады