Кадр қызметінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 28 бұйрығы

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің, сондай-ақ зейнеткерлері куәліктерінің сипаттамалары;

      2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлері мен зейнеткерлеріне қызметтік куәліктер мен куәліктер беру жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2026 жылғы 20 ақпандағы
№ 28 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Осы Қазақстан Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің Сипаттамасы (бұдан әрі – Сипаттама) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасын айқындайды.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің мұқабасы (бұдан әрі – қызметтік куәлік) осы Сипаттаманың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күрең қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан жасалады. Ашық күйінде куәліктің өлшемі 210х70 мм болады.

      2. Куәлік мұқабасының беткі жағының ортасында ыстық өрнектеуге арналған алтын жұқалтырмен салынған алтын жалатқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленеді, төменгі жағында – Қазақстан Республикасының прокуратура органына, ведомствосы мен білім беру ұйымына тиесілікке қарай мемлекеттік тілде алтын түстес типографиялық қаріппен мынадай жазбалардың бірі орналастырылады:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ";

      "ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ";

      "ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ";

      "ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ";

      "БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА";

      "БАС КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫ";

      "(ТИІСТІ) ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ".

      3. Қызметтік куәліктің сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі понтанды бояумен боялған жуандығы 0,04 мм аспайтын жіңішке қайталанбайтын сызықтардан тұратын қорғаныш тангирлі тор бейнеленіп көгілдір түсте жасалған және понтанды бояумен, сондай-ақ ультракүлгін көмескі жарықта айқын жарқырайтын қасиетке ие көрінбейтін арнайы бояумен боялған жуандығы 0,03 мм-ден бастап 0,04 мм-ден артық емес шағын сызықтармен жасалған Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының эмблемасымен жасалған.

      4. Қызметтік куәліктің сол жақ ішкі бөлігінде, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы прокуратура органына, ведомствосы мен білім беру ұйымына тиесілікке қарай қызыл түспен мемлекеттік тілде жазылған мәтін орналастырылады:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ";

      "ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ";

      "ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ";

      "ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ";

      "БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА";

      "БАС КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫ";

      "(ТИІСТІ) ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ".

      Мемлекеттік тілдегі қызыл түсті мәтіннің астында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген қызыл түсті әне ұлттық ою салынған шағын мәтін орналасқан.

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" шағын мәтінінің астында сол жағында 30х40 мм өлшемдегі қызметкердің түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналасқан.

      Қызметкер фотосуретке киетін нысанды киімде (китель, көгілдір түсті жейде, галстук) бас киімсіз ақ фонда, ордендік планкалармен және білімі туралы белгілермен (бар болса) түсуі тиіс. Погондардағы айырмашылық белгілері қызметтік куәлікті толтыру күніне берілген сыныптық шеніне немесе әскери атағына сәйкес болуы тиіс.

      Қызметтік куәліктің сол жақ бөлігінің ортасында қызыл түспен жазылған "№___КУӘЛІК" деген жазу орналасқан, оның астында қара түспен мемлекеттік тілде қызметкердің сыныптық шені (әскери атағы), оның тегі, аты-жөні (бар болса) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады.

      Төменгі бөлігінде мемлекеттік тілде қызметтік куәліктің берілген күні және қолдану мерзімі көрсетіледі:

      "Берілген күні: 00.00.0000 ж.";

      "00.00.0000 ж. дейін жарамды".

      Қызметтік куәлікті беру күнінің және қолдану мерзімінің астында, Қазақстан Республикасы прокуратура органына, ведомствосы мен білім беру ұйымына тиесілікке қарай төменгі жағында, лауазымды тұлғаның аты-жөнінің бас әрпі көрсетіліп мынадай жазулардың бірі орналасады:

      "Қазақстан Республикасының Бас прокуроры";

      "Комитет төрағасы";

      "Академия ректоры";

      "Бас әскери прокурор";

      "Бас көлік прокуроры";

      "(тиісті) облысының прокуроры".

      Қызметтік куәлікке лауазымды тұлға қол қойғаннан кейін фотосуреттің оң жақ төменгі бұрышында Қазақстан Республикасының тиісті прокуратура органының, ведомствосы мен білім беру ұйымының елтаңбалы мөрінің баспа-таңбасы қойылады, оның жоғары жағында диаметрі 15 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген өздігінен жабысатын дөңгелек голографиялық жапсырма пайдаланылады.

      5. Қызметтік куәліктің оң жақ ішкі бөлігінде, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының прокуратура органына, ведомствосы мен білім беру ұйымына тиесілікке қарай орыс тілінде қызыл түспен мынадай мәтін орналасады:

      "ГЕНЕРАЛЬНАЯ ПРОКУРАТУРА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН";

      "КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ";

      "КОМИТЕТ ПО ЗАЩИТЕ ПРАВ ИНВЕСТОРОВ";

      "АКАДЕМИЯ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ";

      "ГЛАВНАЯ ВОЕННАЯ ПРОКУРАТУРА";

      "ГЛАВНАЯ ТРАНСПОРТНАЯ ПРОКУРАТУРА";

      "ПРОКУРАТУРА (СООТВЕТСТВУЮЩЕЙ) ОБЛАСТИ".

      Орыс тіліндегі қызыл түсті мәтіннің астында қызыл түсті және ұлттық ою салынған "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген шағын мәтін орналасқан.

      Қызметтік куәліктің сол жақ бөлігінде шағын сызықтардан жасалған тікбұрышта жасалған ҚР СТ 989-2008 МЕМСТ-ге сәйкес жасалған Қазақстан Республикасының Елтаңбасы (конгревті көтеру), сондай-ақ сығып шығару арқылы жасалған (конгревті көтеру) тікбұрышты рамка бойынан өтетін "ҚРБП-ГП РК" мәтіні орналасқан.

      Қызметтік куәліктің оң жақ бөлігінің ортасында қызыл түспен "УДОСТОВЕРЕНИЕ №___" деген жазу орналасқан, оның астында орыс тілінде қызметкердің сыныптық шені (әскери атағы), оның тегі, аты-жөні (бар болса) және атқаратын лауазымы көрсетіледі. Қызметтік куәліктің нөмірі қара түспен басылады.

      Қызметтік куәліктің ортасында төменгі бөлігінде орыс тілінде қызыл графикалық рамкада жасалған "АТЫС ҚАРУЫ МЕН АРНАУЛЫ ҚҰРАЛДАРДЫ АЛЫП ЖҮРУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН" деген мәтін орналасқан. Бұл мәтін қаруды алып жүруге рұқсат берілген жағдайда жазылады.

      Мәтіннің астында сол жақ төменгі бұрышында:

      "РҰҚСАТ";

      "ДОПУСК" деген жазуы бар мемлекеттік құпияларға қол жеткізу нөмірі орналасады.

      Мәтіннің оң жағында қызметтік куәліктің төменгі бұрышында осы Сипаттамаға 2-қосымшада жазылған, Прокуратура органдарының сандық индексі, және типографиялық тәсілмен, қызыл түсті қаріппен басылған қызметтік куәліктің алты таңбалы сериялық нөмірі бар.

      Қол қойылғаннан кейін қызметтік куәліктің сол жақ және оң жақ ішкі бөліктері электронды-сәулелі литография пайдаланып жасалған оптикалық дифракциялық тордан тұратын түрлі-түсті голограмма болып табылатын өлшемі 210х80 болып табылатын ламинациялық голографиялық үлдірмен ламинатталады.

  Қазақстан Республикасы
  прокуратура органдары жүйесі
қызметкерлерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
1-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәлігі

     


     


  Қазақстан Республикасы
  прокуратура органдары жүйесі
қызметкерлерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің сандық индексі

р/с

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің атауы

Индексі

1.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

01

2.

Астана қаласының прокуратурасы

02

3.

Алматы қаласының прокуратурасы

03

4.

Ақмола облысының прокуратурасы

04

5.

Ақтөбе облысының прокуратурасы

05

6.

Алматы облысының прокуратурасы

06

7.

Атырау облысының прокуратурасы

07

8.

Бас әскери прокуратура

08

9.

Бас көлік прокуратурасы

09

10.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

10

11.

Жамбыл облысының прокуратурасы

11

12.

Қарағанды облысының прокуратурасы

12

13.

Қостанай облысының прокуратурасы

13

14.

Қызылорда облысының прокуратурасы

14

15.

Құқық қорғау органдары академиясы

15

16.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет

16

17.

Маңғыстау облысының прокуратурасы

17

18.

Түркістан облысының прокуратурасы

18

19.

Павлодар облысының прокуратурасы

19

20.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

20

21.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

21

22.

Шымкент қаласының прокуратурасы

22

23.

Абай облысының прокуратурасы

23

24.

Жетісу облысының прокуратурасы

24

25.

Ұлытау облысының прокуратурасы

25

26.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті

26

27.

Резерв

27

28.

Резерв

28

29.

Резерв

29

30.

Резерв

30

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2026 жылғы 20 ақпандағы
№ 28 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің зейнеткерлері куәлігінің сипаттамасы

      1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің зейнеткерлері куәлігінің Сипаттамасы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің зейнеткерлері куәліктерінің сипаттамасын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің зейнеткерлері куәлігінің (бұдан әрі – зейнеткер куәлігі) мұқабасы осы Сипаттамаға қоса беріліп отырған 1 қосымшаға сәйкес нысанда, күрең қызыл түсті жасанды былғарыдан жасалады. Ашылған күйінде қызметтік куәліктің өлшемі 190х65 мм болады.

      Зейнеткер куәлігі мұқабасының беткі жағында ыстық өрнектеуге арналған алтын жұқалтырмен салынған алтын жалатқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленеді, төменгі жағында – Қазақстан Республикасының прокуратура органына, ведомствосы мен білім беру ұйымына тиесілікке қарай мемлекеттік тілде алтын түстес типографиялық қаріппен мынадай жазбалардың бірі орналастырлады:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ";

      "ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ";

      "ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ";

      "ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ";

      "БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА";

      "БАС КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫ";

      "(ТИІСТІ) ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ".

      3. Зейнеткер куәлігінің сол және оң жақ ішкі бөлігінің өлшемі 85х60 мм болады және олардың әрқайсысының оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ведомстволық эмблемасы стильге келтіріп бейнеленген көгілдір қорғаныш тангирлі тормен қамтамасыз етілген.

      Зейнеткер куәлігінің сол жақ ішкі бөлігінде, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы прокуратура органына, ведомствосы мен мекемесіне тиесілікке қарай қызыл түспен мемлекеттік тілде жазылған мәтін орналастырылады:

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ";

      "ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ";

      "ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ";

      "ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ";

      "БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА";

      "БАС КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫ";

      "(ТИІСТІ) ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ".

      Мемлекеттік тілдегі қызыл түсті мәтіннің астында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген қызыл түсті және ұлттық ою салынған шағын мәтін орналасқан.

      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" шағын мәтінінің астында сол жағында 30х40 мм өлшемдегі зейнкеткердің түрлі-түсті фотосуреті (анфас) орналасқан.

      Фотосурет киетін нысанды киімде (китель, көгілдір түсті жейде, галстук) бас киімсіз ақ фонда, ордендік планкалармен және білімі туралы белгілермен (бар болса) түсуі тиіс. Погондардағы айырмашылық белгілері зейнеткерлікке шығу күніне берілген сыныптық шеніне немесе әскери атағына сәйкес болуы тиіс.

      Зейнеткер куәлігінің сол жақ бөлігінің ортасында қызыл түспен жазылған "№___КУӘЛІК" деген жазу орналасқан, оның астында қара түспен мемлекеттік тілде зейнеткердің сыныптық шені (әскери атағы), оның тегі, аты-жөні (бар болса) көрсетіледі. Сыныптық шеннің (әскери атақтың) атауына "отставкадағы" деген мемлекеттік тілдегі мәтін қосылады. Тегінің, аты-жөнінің (бар болса) астында мемлекеттік тілде "Прокуратура органдарының зейнеткері" деген мәтін орналасады.

      Зейнеткер куәлігінің нөмірі қара түспен басылады.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органына, ведомствосы мен білім беру ұйымына тиесілікке қарай төменгі жағында, лауазымды тұлғаның аты-жөнінің бас әрпі көрсетіліп мынадай жазулардың бірі орналасады:

      "Бас Прокурордың бірінші орынбасары";

      "Комитет төрағасы";

      "Академия ректоры";

      "Бас әскери прокурор";

      "Бас көлік прокуроры";

      "(тиісті) облысының прокуроры".

      Зейнеткер куәлігіне лауазымды тұлға қол қойғаннан кейін фотосуреттің оң жақ төменгі бұрышында Қазақстан Республикасының тиісті прокуратура органының, ведомствосы мен білім беру ұйымының елтаңбалы мөрінің баспа-таңбасы қойылады.

      4. Зейнеткер куәлігінің оң жақ ішкі бөлігінде, жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының прокуратура органына, ведомствосы мен білім беру ұйымына тиесілікке қарай орыс тілінде қызыл түспен мынадай мәтін орналасады:

      "ГЕНЕРАЛЬНАЯ ПРОКУРАТУРА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН";

      "КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ";

      "КОМИТЕТ ПО ЗАЩИТЕ ПРАВ ИНВЕСТОРОВ";

      "АКАДЕМИЯ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ";

      "ГЛАВНАЯ ВОЕННАЯ ПРОКУРАТУРА";

      "ГЛАВНАЯ ТРАНСПОРТНАЯ ПРОКУРАТУРА";

      "ПРОКУРАТУРА (СООТВЕТСТВУЮЩЕЙ) ОБЛАСТИ".

      Орыс тіліндегі қызыл түсті мәтіннің астында қызыл түсті және ұлттық ою салынған "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген шағын мәтін орналасқан.

      Зейнеткер куәлігінің сол жақ бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген шағын мәтін астында өлшемі 30х40 мм ақшыл көк түсті тік бұрышты рамкада Қазақстан Республикасының ұлттық символы – самғаған бүркіт пен күн бейнеленген алтын түстес стильге келтірілген бейне орналасқан, олардың астында көк түстес және ұлттық ою бейнеленген "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орналасқан.

      Зейнеткер куәлігінің оң жақ бөлігінің ортасында қызыл түспен "УДОСТОВЕРЕНИЕ №___" деген жазу орналасқан, оның астында орыс тілінде зейнеткердің сыныптық шені (әскери атағы), оның тегі, аты-жөні (бар болса) көрсетіледі. Сыныптық шеннің (әскери атақтың) атауына орыс тілінде "в отставке" деген мәтін қосылады. Тегінің, аты-жөнінің (бар болса) астында орыс тілінде "Пенсионер органов прокуратуры" деген мәтін орналасады. Зейнеткер куәлігінің нөмірі қара түспен басылады.

      Оң жақ төменгі бұрышында типографиялық тәсілмен, қызыл түсті қаріппен басылған зейнеткер куәлігінің сериялық нөмірі болады.

      Қол қойылғаннан кейін зейнеткер куәлігінің сол жақ және оң жақ ішкі бөліктері ламинациялық үлдірмен ламинатталады.

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің зейнеткерлері
куәліктерінің сипаттамасына
1 қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі зейнеткерлерінің куәлігі

     


     


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2026 жылғы 20 ақпандағы
№ 28 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлері мен зейнеткерлеріне қызметтік куәліктер мен куәліктер беру жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлері мен зейнеткерлеріне қызметтік куәліктер мен куәліктер беру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) қызметтік куәліктер және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің зейнеткерлеріне (бұдан әрі – зейнеткерлер) куәліктер беруді айқындайды.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) адамның Қазақстан Республикасы прокуратура органдарына, ведомстволары мен білім беру ұйымына тиесілігін, оның Қазақстан Республикасы прокуратура органдарындағы, ведомстволары мен білім беру ұйымындағы лауазымын және сыныптық шенін (әскери атағын) растайтын құжат болып табылады.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі зейнеткерлерінің куәлігі (бұдан әрі – зейнеткер куәлігі) оның иесінің мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылады.

      2. Қызметтік куәліктер мен зейнеткерлер куәліктері тиісті ресімделмеген, қолмен түзетілген және өшірілген жерлері болса жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәліктер мен зейнеткерлер куәліктерін дайындау және ресімдеу

      3. Қызметтік куәлік пен зейнеткер куәлігін дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы органдары жүйесінің кадр қызметінің (бұдан әрі – кадр қызметі) өтінімдері бойынша "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – МТҚ басқармасы) жүргізеді.

      4. Қызметтік куәлік пен зейнеткер куәлігі олардың сипаттамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде компьютерлік техника көмегімен толтырылады.

      5. Қызметтік куәлік пен зейнеткер куәлігі қатаң есептіліктегі құжат болып табылады және олардың сипаттамасына сай болуы тиіс.

      6. Қызметтік куәлік пен зейнеткер куәлігін алу үшін қызметкерлер мен зейнеткерлер тиісті кадр қызметтеріне осы Қағидаларды бекіту туралы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларында келтірілген Сипаттамаларға сәйкес фотосуреттер береді.

      7. Қызметтік куәліктер үш жыл мерзіміне беріледі. Белгіленген мерзім аяқатлғаннан кейін қызметтік куәлік ауыстыруға жатады.

      Зейнеткер куәлігі қолдану мерзімі көрсетілмей беріледі.

      8. Қызметкер қайтыс болған жағдайда қызметтік куәлік одан әрі жою үшін дереу кадр қызметіне (берілген орны бойынша) қайтаруға жатады.

      Кадр қызметі қызметкердің қайтыс болғаны мәлім болғаннан кейін, байланыс құралдарын (телефон, пошта, басқа байланыс құралдары арқылы) пайдалана отырып қайтыс болған қызметкердің отбасы мүшелеріне немесе жақын туыстарына немесе оның жекжаттарына немесе қайтыс болған қызметкермен бірге тұрған адамдарға қызметтік куәлікті қайтару қажеттігі туралы хабарлайды.

      Қызметтік куәлікті қайтару қайтыс болған қызметкердің отбасы мүшелерімен немесе жақын туыстарымен немесе жекжаттарымен немесе онымен бірге тұрған адамдармен жүзеге асырылады және бұл туралы осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысандағы Қызметкерлерге қызметтік куәліктерді беру және тапсыру кітабында тиісті белгі қойылады.

      Қайтыс болған қызметкердің отбасы мүшелері немесе жақын туыстары немесе жекжаттары немесе онымен бірге тұрған адамдар жоқ болған және қызметтік куәлікті қайтаруға мүмкіндік болмаған жағдайда кадр қызметі осы Қағидалардың 33-тармағымен көзделген тәртіпте қызметтік куәлікті жарамсыз деп тануға шаралар қабылдайды.

      9. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына (бұдан әрі – Бас Прокурор), оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕК), Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – ИҚҚК) төрағаларына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) ректорына куәліктерді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі береді.

      10. Қызметтік куәлік:

      1) Бас Прокурордың қолы қойылып – Бас прокуратура қызметкерлеріне, Бас әскери, Бас көлік прокурорларына, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың прокурорларына (бұдан әрі – облыс прокурорлары);

      2) ҚСжАЕК, ИҚҚК төрағаларының, Академия ректорының (бұдан әрі – прокуратура ведомстволары мен білім беру ұйымы) Бас әскери, Бас көлік прокурорларының, облыс прокурорларының қолы қойылып – прокуратура ведомстволары мен білім беру ұйымының, Бас әскери, Бас көлік прокуратураларының, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстары прокуратураларының (бұдан әрі – облыс прокуратуралары) қызметкерлеріне беріледі.

      11. Зейнеткер куәлігі:

      1) Бас Прокурордың бірінші орынбасарының қолы қойылып – жұмыстан шығарылған уақытта Бас прокуратурада лауазым атқарған қызметкерлерге, жоғары сыныптық шені (әскери атақтары) бар немесе зейнеткерлікке прокуратура ведомстволары мен білім беру ұйымының басшылары, Бас әскери, Бас көлік прокурорлары, облыс прокурорлары лауазымынан шыққан прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне;

      2) ҚСжАЕК, ИҚҚК төрағаларының, Академия ректорының, Бас әскери, Бас көлік прокурорларының, облыс прокурорларының қолы қойылып – тиісті прокуратура органынан, ведомствосы мен білім беру ұйымынан зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге беріледі.

3-тарау. Қызметтік куәліктер мен зейнеткерлер куәліктерін беру және тапсыру

      12. Қызметтік куәлік пен зейнеткер куәлігін беру кадр қызметіне жүктеледі.

      13. Қызметтік куәлік лауазымға тағайындау (сынақ мерзімі белгіленген жағдайда, ол аяқталғаннан кейін және мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге тиісті рұқсат ресімделгеннен кейін), қызметте ауысу кезінде, сыныптық шен (әскери атақ) беру кезінде және бұрын берілген қызметтік куәліктің қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса) өзгертілгеннен кейін, сондай-ақ мемлекеттік құпиялармен жұмысқа рұқсат өзгертілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде беріледі.

      Зейнеткерлік куәлігі сіңірген еңбегі (қызмет мерзімі) және зейнеткерлікке құқық беретін қызметте болудың шекті жасына жетуі бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура органдарынан, ведомстволары мен білім беру ұйымынан шығару туралы бұйрық шығарылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде беріледі.

      14. Қызметтік куәлік пен зейнеткер куәлігін қызметкер немесе зейнеткер қол қоя отырып жеке өзі алады.

      Ерекше жағдайларда, егер қызметкерде куәлікті өзі алу мүмкіндігі болмаса, ол кейін беру үшін оның қызмет орны бойынша кадр қызметіне тапсырылуы мүмкін. Қызметтік куәлікті тапсыру арнайы поштаны пайдалану арқылы жүргізіледі.

      15. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне алғаш рет қабылданған қызметкерге куәлік беру кезінде, кадр қызметінің қызметкері қызметтік куәлікті пайдалану және сақтау тәртібі туралы түсіндіру жүргізеді, бұл туралы осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда Қызметкерлерге қызметтік куәліктер беру және тапсыру кітабында тиісті белгі қойылады.

      16. Кейін қызметте ауысу, кезекті сыныптық шен (әскери атақ) беру, мемлекеттік құпияларға қол жеткізу нысаны, тегі, аты-жөні өзгертілген кезде және мерзімі аяқталғаннан кейін бұрын берілген қызметтік куәлік күшін жою және одан кейін жою үшін үш жұмыс күні ішінде (атап көрсетілген жағдайлардың бірі басталған күннен бастап) оны берген орынға қайтарылады.

      Кадр қызметкері қызметкерлерде қызметтік куәліктердің барын дүркін-дүркін тексеріп тұрады.

      Қазақстан Республикасының прокуратура жүйесі органдарынан шығару, басқа құқық қорғау органдарына іссапарға жіберу немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген кезде қызметкер бұйрыққа қол қойылған және оны тіркеген күнінен үш жұмыс күнінен кешіктірмей қызметтік куәлікті алған орнына тапсырады.

      Қызметтік куәлік осы тармақтың үшінші бөлімінде көрсетілген мерзімде тапсырылмаған жағдайда, кадр қызметі он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген тәртіпте қызметтік куәлікті жарамсыз деп тануға шаралар қабылдайды.

      17. Кадр қызметі қызметтік куәлікті ауыстыру кезеңінде, қажет болған жағдайда, қолдану мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын, жұмыс орны мен лауазымын растайтын анықтама (еркін нысанда) беруі мүмкін.

      18. Қызметкер оған берілген қызметтік куәліктің сақталуын қамтамасыз етуі, оның жоғалуына, өзге тұлғаларға беруге жол бермеуі, басқадай жолмен мақсатсыз, жұмыс уақытынан тыс уақытта пайдалануға, оның ішінде жеке әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу үшін пайдакүнемдік мақсатында пайдалануға жол берілмеуі тиіс.

      19. Қызметтік куәлікті одан әрі пайдалануға жарамсыздыққа әкелген сондай-ақ қызметтік куәлік жоғалған жағдайда, қызметкерлер бір тәулік ішінде (жоғалған күннен бастап) бұл туралы прокуратура органы, ведомствосы мен білім беру ұйымының басшысының атына жазбаша баянатпен баяндауы тиіс.

      Ұрланған (жасырын түрде ұрланған) жағдайда қызметкерлер дереу ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі тиіс.

      Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің және басқа адамдарға берудің, оның жеке пайда мақсатында және басқадай қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура органы, ведомствосы мен білім беру ұйымы басшысының тапсырмасымен қызметтік тергеп-тексеру жүргізіледі.

      Бұл ретте, қызметтік куәлікті жоғалтқан, қызметтік куәлікті одан әрі пайдалануға жарамсыз еткен қызметкер немесе соған қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған қызметкер, жоғалту, бүлдіру, ұрлау (жасырын ұрлау) сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген тәртіпте қызметтік куәлікті жарамсыз деп тануға шаралар қабылдайды.

      Кадр қызметі мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру шыққаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде жаңа қызметтік куәлік береді.

      20. Қызметкерлер декреттік демалыста, бала күтімі бойынша демалыста немесе ұзақ уақыт оқу демалысында болған кезеңде (үш айдан артық), сондай-ақ прокуратура органының, ведомствосының және білім беру ұйымының қарамағына енгізілген жағдайда, тиісті бұйрық шыққаннан кейін он жұмыс күні ішінде қызметтік куәлікті оны берген кадр қызметіне тапсырады.

      21. Күдікті, айыпталушы ретінде тартылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан, сондай-ақ қылмыстық қудалау органының ұсынымы бойынша қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген қызметкер қызметтік куәлікті дереу оны берген кадр қызметіне тапсыруы тиіс.

      Айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық іс ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда алынған қызметтік куәлік белгіленген тәртіпте жоюға жатады.

      22. Жарамсыз қызметтік куәліктерді пайдалануға жол берілмейді.

      23. Қазақстан Республикасы прокуратура органының, ведомствосы мен білім беру ұйымының қаржы бөлімшелері прокуратура органдары жүйесінен шығарылған жағдайда қызметкермен ақшалай есеп айырысуды тек кету парағында қызметтік куәлікті тапсырғаны туралы белгі бар болған жағдайда ғана жүргізеді.

      24. Жарамсыз қызметтік куәліктерді қызметкерлер міндетті тәртіпте оны жоғалту (ұрлау) жағдайларын қоспағанда, оны берген кадр қызметіне тапсырады.

      25. Қызметкердің куәлікті уақтылы тапсыруын бақылауды оның тікелей басшысы және кадр қызметі жүзеге асырады.

4-тарау. Қызметтік куәліктер мен зейнеткерлер куәліктері бланкілерін есепке алу, сақтау және жою

      26. Кадр қызметі қызметтік куәліктер мен зейнеткерлер куәліктерін есепке алу, сақтау және жоюды осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәліктері мен зейнеткерлерінің куәліктерін есепке алу, беру және тапсыру кітаптарына (бұдан әрі – Кітаптар) тиісті жазба енгізу арқылы жүзеге асырады.

      27. Қызметтік куәліктер мен зейнеткерлер куәліктерінің бүлінген бланкілерін есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің зейнеткерлері куәліктерінің бүлінген бланкілерін есепке алу журналдары (бұдан әрі – Журналдар) жүргізіледі.

      28. Кітаптар мен Журналдар нөмірленген, бауланған, мөрмен бекітілген және кадр қызметінің жауапты қызметкерінің қолы қойылған болуы тиіс.

      Қызметтік куәліктер мен зейнеткерлер куәліктерінің нөмірлері Кітаптардағы олардың берілуін тіркеудің реттік нөміріне сай болуы тиіс.

      Жаңа Кітап бастаған кезде берілген қызметтік куәліктер мен зейнеткерлер куәліктерін нөмірлеудің реттілігі үзілмейді.

      29. Кітаптар мен Журналдар Қазақстан Республикасының тиісті прокуратура органдарының, ведомстволарының және білім беру ұйымының мұрағаттарында сақталады және белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін жоюға жатады.

      30. Қызметтік куәлік пен зейнеткерлер куәлігінің бланкісі, мұқабасы, сондай-ақ жоюға жататын қызметтік куәліктер, голограмма, елтаңбалы мөр, қызметтік куәліктерді есепке алу Кітаптары мен Журналдары өртенбейтін шкафтарда (сейфтерде) сақталады.

      31. Дайындау кезінде бүлінген бланкілер, сондай-ақ осы Қағидалардың 16, 20-23-тармақтарында көзделген жағдайлардың басталуына байланысты кадр қызметіне тапсырылған қызметтік куәліктер, тоқсанына бір рет тиісті акті жасап комиссиялық жоюға жатады.

      Жою актісіне қиылып алынған қызметтік куәліктің сериялық нөмірі, өздігінен жабысатын дөңгелек голографиялық жапсырмамен бірге қызметкердің (зейнеткердің) фотосуреті жапсырылады.

      Жоюды Қазақстан Республикасының прокуратура органының, ведомствосы мен білім беру мекемесі басшысының бұйрығымен құрылған комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өртеу арқылы жүргізеді.

      Комиссия құрамына бестен кем емес мүше кіруі тиіс. Комиссияның жоқ мүшелерінің орнын алмастыруға жол берілмейді.

      Жою туралы актілер есепке алуға жатады.

      32. Қызметтік куәлік пен зейнеткер куәлігін сақтауға, есепке алуға және жоюға кадр қызметі жауапты болады.

      33. Жоғалған қызметтік куәлік пен зейнеткердің куәлігі бүкіл тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мерзімді баспа басылымдарында хабарландыру жариялау (мемлекеттік және орыс тілдерінде) арқылы жарамсыз деп танылады.

5-тарау. Қызметтік куәлік пен зейнеткер куәлігі бланктерін есепке алуға қабылдау

      34. Қызметтік куәліктің бланкісі мен мұқабасы кәсіпорын немесе ұйыммен, МТҚ басқармасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде әзірленеді.

      35. Қызметтік куәліктің бланкісі мен мұқабасы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасының 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің белгіленген сандық индексіне (бұдан әрі – сандық индекс) және типографиялық тәсілмен қызыл қаріппен басылған қызметтік куәліктің сериялық нөміріне сәйкес әзірленеді.

      Бұл ретте дайын өнімді жеткізу пломбаланған түрде, арнайы поштаны пайдалану арқылы жүргізіледі.

      36. Дайын өнімді қабылдау МТҚ басқармасы мен дайындаушы ұйым арасында жасалған қабылдау актісімен ресімделеді.

      МТҚ басқармасы дайындаушы ұйымның ілеспе құжаттарында көрсетілген мәліметтермен салыстыру арқылы бланктің санын, сандық индексін және сериялық нөмірін тексереді.

      37. Жеткіліксіздіктер, артық шығу және ілеспе құжаттарға өзгедей сәйкессіздіктер анықталған кезде, партияның барлық бумалары ашылады.

      Анықталған сәйкессіздік фактісі туралы акті жасалады, онда әрбір жеке бумадағы (орамдағы) жетіспеген, артық шыққан немесе ақаулы бланкілер, олардың атауы, сандық индексі, сериялық нөмірі көрсетіледі және бұл туралы дайындаушы ұйымға хабарланады.

      38. Қабылданған бланкілерді МТҚ басқармасы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен білім беру ұйымының кадр қызметтері берген жазбаша өтінімдеріне сәйкес олардың арасында жөнелтпе құжат бойынша бөледі.

      39. Бланкілер тоқсанына бір реттен сирек емес тәртіпте комиссиялы түрде акті бойынша есептен шығарылады және жойылады. Комиссия жоюға жататын әрбір бланкіні есепке алу журналында оның сандық индексін, сериялық және реттік нөмірлерін салыстыра отырып тексереді.

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары жүйесі
қызметкерлері мен
зейнеткерлеріне қызметтік
куәліктер мен куәліктер беру
жөніндегі қағидаларға
1-қосымша

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін беруді және тапсыруды есепке алу кітабы

Куәлік нөмірі

Т.А.Ж.

лауазымы

Сыныптық шені (әскери атағы)

Берілген күні

Алғандағы туралы қолы

Қолдану мерзімі

Қайтару күні

Акті нөмірі мен жою күні

ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесі зейнеткерлерінің куәліктерін беруді және тапсыруды есепке алу кітабы

Куәлік нөмірі

Т.А.Ж.

лауазымы

Сыныптық шені (әскери атағы)

Берілген күні

Алғандығы туралы қолы

Қайтару күні

Акті нөмірі мен жою күні

ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары жүйесі
қызметкерлері мен
зейнеткерлеріне қызметтік
куәліктер мен куәліктер беру
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің бүлінген бланкілерін есепке алу журналы

Қосымша бет бланкісінің нөмірі

Жеткізу күні

Актінің нөмірі мен жою күні

ескертпе

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесі зейнеткерлері куәліктерінің бүлінген бланкілерін есепке алу журналы

Қосымша бет бланкісінің нөмірі

Жеткізу күні

Актінің нөмірі мен жою күні

ескертпе

1

2

3

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады