Үлкен Нарын ауданы бойынша шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 26/266-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабының 2 – 10 - тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үлкен Нарын ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарындағы, хостелдерді, қонақ жайларды және жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, шетел азаматтары үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Сыдыкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады