Самар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2026 жылғы 5 ақпандағы № 28-6/VIIІ шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9 - тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына сәйкес, Самар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Самар ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. "Самар ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкінде жариялауды;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Самар ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Шаймарданова

  Самар ауданы мәслихатының
2026 жылғы "05" ақпандағы
№ 28-6/VIII шешіміне 1- қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін Самар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері қарыз сомасынан 10%, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын болып белгіленсін.

  Самар ауданы мәслихатының
2026 жылғы "05" ақпандағы
№ 28-6/VIII шешіміне 2 - қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      Самар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;

      жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

      кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;

      қандастар;

      экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

      толық емес отбасылар;

      асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады