Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75 және 729-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына және "Катонқарағай ауданының Достық үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы №187 қаулысына сәйкес Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес Катонқарағай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін атқарушы | С. Жакитов |
| Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "7" сәуірдегі № 74 қаулысына 1 қосымша |
| Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "7" сәуірдегі № 74 қаулысымен бекітілді |
"Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аумағында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт салаларында басшылықты жүзеге асырады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Жампеисов көшесі, 19/1 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Мемлекет Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Катонқарағай ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаты мен өкілеттіктері
15.Бөлімнің мақсаты:
ауданда ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді қамтамасыз етуге, ауданның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын, спорт, мәдениет және тілдерді, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет, отбасылық және гендерлік саясат салаларын қолдауға және дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
16. Бөлімнің өкілеттіктері:
1) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
2) бөлімнің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржы қаражатының мақсатты тиімді пайдаланылуына бақылау жасайды, дербес жауапкершілікте болады;
3) мемлекеттік органдардың ішкі саясат мәселелері бойынша жедел стратегиялық, жедел және арнайы жоспарланған жұмысын үйлестіреді;
4) ақпараттық-насихат топтарының жұмысын үйлестіреді;
5) маңызды саяси оқиғалар, сондай - ақ саяси қоғамдық саладағы, дін мәселелері, мемлекеттік органдардын ақпараттық насихат, идеологиялық жұмыс және әлеуметтік шиеленіс ошақтарында жағдайдағы өзгеріс туралы басшылықты уақытында хабардар етеді;
6) ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының негізгі басымдықтарын, мемлекеттік ішкі саясаттың басымдықтарын тұрғындар арасында насихаттауға кешенді ақпараттық-түсіндіру өткізуді ұйымдастырады;
7) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және діни конфессиялармен, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, ұлттық - мәдени орталықтармен конструктивтік қарым -қатынасты нығайтады;
8) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері және масс-медиаға мониторинг жүргізу жұмысын ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды;
10) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;
11) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, топтық-тектiк және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiкке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
12) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендетеді;
13) аудан аумағында "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асырылуына бақылау жасау жұмысын ұйымдастырады;
14) дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорт шараларына қатысушылар мен көрермендердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және спорт-көпшілік іс-шаралары өткізген жерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
15) еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал етеді;
16) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға басшылық жасауды қамтамасыз етеді;
17) мәдениет саласы мен тілдерді дамытуды қаржылық бағдарлама бойынша жоспарлайды және құрылымын ұйымдастырады, материалдық базасын нығайтуға басшылық жасайды;
18) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
19) ауданның жергілікті атқарушы органдарында "Мәдениет туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Тарихи- мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын бақылайды;
20) мәдениет және тілдерді дамыту саласында ұлтаралық қатынастарды үйлесімділікке, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды іске асырады;
21) мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның беделін нығайтады, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды;
22) "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығын іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
23) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды қамтамасыз етеді;
24) бөлімнің негізгі қызмет мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады;
25) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
26) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
27) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.
17. Бөлімнің функциялары:
1) масс-медиа арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады;
2) аудандағы діни жағдайға зерделеу және талдау жүргізеді;
3) діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру туралы дін қызметі саласындағы уәкілетті органдарға ұсыныстар жасайды;
4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
6) аудан аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалануына (орнатуға, орналастыруға) бақылау жасайды;
7) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады;
8) саяси, қоғамдық маңызы бар іс-шараларды; ұлттық, мемлекеттік, кәсіби мерекелерге, атаулы күндерге арналған іс-шаралар өткізуді үйлестіреді;
9) ауданның көпшілікке арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктері арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
10) ведомстволық ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырады;
11) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін көрсетушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
12) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматта орындалуын қамтамасыз етеді;
13) аудан аумағында тіл саясатын жүзеге асырады;
14)аудандық ономастика мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жұмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ аудандағы ономастика ісінің жағдайына талдау жасайды;
15)облыстық ономастика комиссиясына ұсыныстар жібереді;
16) ауданның тілдік жағдайына, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелердің құжатайналымына мониторинг және талдау жүргізеді;
17) ономастика мәселелері бойынша статистикалық есеп және ақпараттар әзірлейді;
18) ауданда елдімекендердің және олардың құрамдас бөліктерінің атауын қайта атау және атау беру жұмыстарына талдау жасайды және ауылдық округтер мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді;
19) Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес ауданда семинарлар, конкурстар, дөңгелек үстелдер және басқа да шаралар өткізеді;
20) мемлекеттік тілді дамытуда жүргізілген іс-шараларға талдау жасайды, оны ұйымдастыру және материалдар жинауда көмек көрсетеді;
21) аудандық мәслихаттың сессиясына, аудан әкімдігінің отырысына, аппарат кеңестеріне, қоғамдық кеңестің сұрауы бойынша ақпарат дайындайды;
22) нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысады;
23) ауылдық клубтар, кітапханалардың жұмысына бақылау жасайды;
24) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
25) бөлімнің жұмыс бағыты бойынша аудан әкімдігінің отырыстарына мәселелер дайындайды;
null26) "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығының орындалуын қамтамасыз етеді;
27) ауданның мәдени және спорттық мақсаттағы объектілері құрылысын салу, реконструкциялау және жөндеуге тапсырысшы болады;
28) көпшілік демалу орындарында және адамдардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылым құрады;
29) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстар өткізеді;
30) облыстық спорт жарыстарына қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
31) ауданның балалары мен жасөспірімдерін спортқа тәрбиелеумен байланысты проблемалық мәселелер туралы жергілікті атқарушы органдар басшыларына ұсыныстар береді;
32) аудандық спорт-көпшілік іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
33) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға дене шынықтыру және спортты дамыту, спорт құрылымдарының жұмыс істеуі, салауатты өмір салтын насихаттау және енгізу мәселелерінде қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
34) облыстық атқарушы органға аудан аумағында дене шынықтыру және спортты дамытуға талдау жасайды және мәлімет, соның ішінде статистикалық мәліметтерді жібереді;
35) аудан аумағында көпшілік спортты мжәне ұлттық спорт түрлерін дамытуды амтамасыз етеді;
36) спортшыларға мынадай спорттық разрядтарды береді: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядты спортшы;
37) екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші біліктілік категорияларын береді;
38) аудан аумағында спорт және мәдени кұрылымдардың құрылысын салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
39) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
40) "Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығын іске асыру шараларын қабылдайды, аудан әкімінің жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді;
41) Бөлім қызметінің бағыты бойынша консультативтік-кеңес органдарын (жұмыс тобын, комиссия, кеңес) құру туралы ұсыныс енгізеді;
42) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, жоғары тұрған органдардың актілерін сапалы және уақытында орындауды қамтамасыз етеді;
43) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;
44) Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшылығының қарауға ұсыныс енгізеді;
Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстырады;
бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық етеді;
өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрайды;
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес береді;
жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсынады;
2) міндеті:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, құзыреті
19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. Бөлімнің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Катонқарағай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
22. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
6) Катонқарағай ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) барлық қызметшілердің тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
10) Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Катонқарағай аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. Катонқарағай ауданының "Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5. "Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
| Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "7" сәуірдегі № 74 қаулысына 2 қосымша |
Катонқарағай ауданы әкімдігінің күші жойылатын қаулыларының тізбесі
1. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 05 қаулысы.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 05 қаулысына өэгеріс енгізу туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 05 қаулысы.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 05 қаулысына өэгеріс енгізу туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 84 қаулысы.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 46 қаулысы.