Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шығыс су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына "Солнечное ауылындағы Маховка өзеніндегі жинақтаушы тоған бөгеті" гидротехникалық құрылысын қайта жаңарту үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Бобровка ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 1 шешімі

      "Шығыс су қоймалары" КМК өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19,67,69-баптарын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шығыс су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ШҚО орналасқан, ауданы 0,66 га "Солнечное ауылындағы Маховка өзеніндегі жинақтаушы тоған бөгеті" гидротехникалық құрылысын қайта жаңарту үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін. Глубокое ауданы, Бобровка ауылдық округі, Солнечное ауылы.

      2. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізу қамтамасыз етe.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бобровка ауылдық округі әкімінің А. Дамдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады