Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 266 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді;
18) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;
19) аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға және инвестиция тартуға ықпал етеді.".
2. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаржы мәселелеріне жетекшілік ететін бірінші орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
