"Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 20 қаулысы

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 30 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тараудың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19".

      2-тараудың 12-тармағы мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      4) өз құзыреті шегінде жер қатынастары саласында цифрлық құралдарды енгізу, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      5) инвестициялық қызметтің дамуына ықпал ету.".

      3-тараудың 17, 19-тармақтары алынып тасталсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау үшін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жер қатынастары мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. Сақтағанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады