Келес ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 97 "Келес ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 206 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келес ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №97 "Келес ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 6-қосымшасымен бекітілген "Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Келес ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданының әкімі Ж.Агибаев

  Келес ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы "31" тамыздағы
  №206 қаулысына қосымша

"Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары салаларында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

      2. Мемлекеттік органның ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды.

      8. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8Б, индекс 160905.

      10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Мемлекеттік органның миссиясы: Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - Ауданның атқарушы органдарынан қажеттi құжаттар, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға;

      - мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, өзінің құзіреті шеңберінде қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы;

      - өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      - сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауға талап арызбен жүгінуге;

      - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

      2) Міндеттері:

      -Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзеді;

      - жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;

      - мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

      - мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      - мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;

      - Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.

      - Аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысады.

      - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) құрылыс жүргізу барысында заңдылықтар мен тиісті нормалардың сақталуына бақылау жасау;

      2) құрылыс саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселесі бойынша жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс қимыл жасау;

      3) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар арқылы қаржыландырылған сараптама мен құрылысы аяқталған объектілердің қабылдау жұмыстарына қатысу;

      4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

      5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

      6) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

      8) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;

      9) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;

      11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

      12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдауға ұсыныс беру;

      13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдауға ұсыныс беру;

      14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік органды басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік органның жұмыс жоспарларын бекітеді;

      2) мемлекеттік органның атынан әрекет етеді;

      3) сенімхаттар береді;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      7) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға бірінші басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      23. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Жұмыс режимі

      25. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

6. Өзара қарым-қатынас

      26. Мемлекеттік орган мен мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік орган мен тиісті сала бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік органның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-катынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама актілерімен реттеледі.

7. Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі

      27. Мемлекеттік органның құрылтай кұжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

8. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады