Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 184 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Келес ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Агибаев

  Келес ауданы әкімдігінің
  2026 жылғы 13 тамыздағы
  №184 қаулысына қосымша

Келес ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 тамыздағы №163 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысы;

      2. Келес ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №145 "Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 тамыздағы №163 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Келес ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;

      3. Келес ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №144 "Келес ауданы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы" қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады