Заңды тұлғаның Ережесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 15 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі "Заңды тұлғаның Ережесіне өзгерістер енгізу туралы" №87 қаулысымен бекітілген "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізіліп, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің құрылыс саласы бойынша орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Естибаев

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2026 жылғы " "
№ қаулысымен бекітілген

"Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк атқарушы органы болып табылады.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Индекс:161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201А құрылыс.

      10. Осы Ереже "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      аудан аумағында құрылыс сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өзіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде бұйрықтар шығаруға;

      ауданның жергілікті атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ақпарат сұрауға және алуға;

      бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалардың сақталуы жөнінде мониторинг жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамаларында қаралған шараларды қолдануға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы және өкілді органдарға бөлім кұзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;

      ауданда құрылысты дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қаржы мен материалдық-техникалық кұжаттарды жұмылдыруға;

      Заңнамаға және аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2) міндеттері:

      қызметiн заңдарға және мемлекеттiк нормативтерге сәйкес жүзеге асыруға;

      өздерiнiң меншiгiндегi пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз қолжетімділігін, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтерге сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға қолжетімділігін көздеуге міндетті.

      Тұрғын үй құрылысы шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек объектілері жанында қойылатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтау үшін ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдардың жеке автокөлік құралдары үшін орындар көздеуге міндетті.

      15. Функциялары:

      Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының орындалуын ұйымдастыру, облыс, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және әкімдік қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету;

      әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында құрылыс игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдар нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және өзге де жобалау құжаттамасы сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік, көліктік және рекреакциялық инфрақұрылымы объектілеріне мүгедектер мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарының қол жеткізуін қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, тапсырыс берушіге сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;

      бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын, қала құрылысы тәртібін, құрылыс салудың аумақтық ережелерін сақтай отырып іске асыруды қадағалауды жүзеге асыру;

      жергілікті атқарушы органдарда объектілер мен кешендерді орналастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      тиісті аумақта қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібінің сақталуын, құрылыс сапасын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және жергілікті маңызы бар сәулет-құрылыс жүйесіне басшылық ету жатады;

      заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын селолық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және мәліметтер беру;

      аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

      аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      ғиматтар мен құрылыс жайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;

      объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді есепке алуды жүргізу;

      аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды және олардың күтіп ұсталуына бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

      мемлекетік сатып алу туралы заң талаптарына сәйкес жұмыстарды жүзеге асыру;

      Заңнамаға және аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекемені

      ң жұмыс жоспарларын бекітеді;

      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

      3) сенімхаттар береді;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік, бухгалтерлік бірінші қол қою құқығы бар құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

      "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Жұмыс режимі

      23. Мекеменің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады